Қазақстан Республика күнін қалай өткізіп жатыр?
Фото: Orda.kz
25 қазан еліміздің түпкір-түпкірінде Республика күніне орай түрлі іс-шаралар ұйымдастырылды. Orda.kz сайтының әр облыстағы тілшілері осы мерекенің қалай өткені жайлы ақпарат берді.
Дәл осы күні, 34 жыл бұрын Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің шешімімен «Қаз КСР-нің мемлекеттік егемендігі туралы» декларация қабылданды. Сол сәттен бастап-ақ егеменді Қазақстан өзіндік көзқарасы бар жеке мемлекет ретінде таныла бастады.
Бүгін Қазақстан бойынша бүкіл өңірде ту көтеріліп, ән шырқалып жатыр.
Сондай-ақ, АҚШ-тың Нью-Йорк қаласында да көк туымыз көтеріліп әнұранымыз шырқалды. Бұл жайлы сонда тұратын фотограф Аркен Аван өзінің Tik-tok парақшасына жариялады.
Orda.kz Алматыдағы тілшісі Медеуде өткен мемлекеттік туды көтеру рәсіміне қатысып қайтты.
Ең әуелі сүйінші жаңалықтарды айта кетсек, Алматы қаласында Республика күніне орай жаңа амбулатория ашылды.

Ал Түркістанда 300-ге жуық тұрғыны баспаналы болды.
Ал Жібек жолы көшесінде қолөнер жәрменкесі өтіп жатыр. Түрлі ісмерлер өз қолынан шыққан туындыларды ел назарына ұсынды.
Осы көшеде Orda.kz тілшілері сауалнама жүргізіп егемендік жайлы сұрақтар қойды.
Сонымен қатар 26-27 қазанда ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді. Осыған байланысты Сәтпаев көшесінің бір бөлігі уақытша жабылды. Уәлиханов көшесінен Достық даңғылына дейінгі аралық 25 қазан күні сағат 13:00-ден бастап 27 қазан сағат 20:00-ге дейін жабық болады.
Сондай-ақ, №45, №95 және №121 автобустары бағыттарына өзгеріс енгізіледі – олар Абай даңғылын айналып өтеді. Жәрмеңке сағат 08:00-ден 17:00-ге дейін келушілерді қабылдайды.
Ал Батыс Қазақстан облысы Орал қаласында «КаспиМұнайКапитал» зауыты ашылды. Бұл зауыт коммуналдық шаруашылықтың мұнай газ саласына арналған жабдықтар өндіреді.
Ақтау қаласында мерекеге орай мотошеру ұйымдастырылды. 12 мото шабандоздары 1 сағаттай көк байрақты желбіретіп қала ішін аралады.
Ал еліміздің шығысында Семей қаласының тұрғындары 100 түп ағаш отырғызды.
Еліміздегі жер жәннаты Жетісу облысы Алакөл ауданында облыстық марафон өтіп, 300-дей адам 10 шақырым жүгірді. Шараны Алакөл аудандық бұқаралық спорттық іс-шараларды өткізу орталығы мен Жетісу облысы Алакөл ауданы бойынша шекара басқармасы ұйымдастырды.
Негізінен шараға шекараның әскери бөлімінде Отан алдындағы борышын өтеп жүрген жас сарбаздар қатысты.
Сондай-ақ Атырау қаласының Nomad саяхат клубы да мерекеге орай алып көк туымызды ұстап, керемет бейнежазба түсірді.
Мерекеге орай көк туды желбіреткен ұлттық шаралар өте көп өтіп жатыр. Әсіресе Астанадағы көк ту көріністері елдің көз айымына айналды.
Бұл тарихи күннің ерекшелігі — тәуелсіздіктің алғашқы адымдарының бірі болғандығы.
1990 жылы Жоғарғы кеңес депутаттары алғаш рет жаңа конституциялық құрылымға негіз болған құжатты бекітіп, тәуелсіз елдің іргетасы қаланғанын жариялады. СССР құрамындағы 15 елдің 13-і өздерін егемен ел ретінде жариялайды.
Қазақстан егемендігін жариялағаннан кейін өз бетінше заң шығарып, шешім қабылдау құқығына ие болды. Дегенмен еліміз тәуелсіздікті 1991 жылы ғана - КСРО құрамындағы елдер арасында ең соңғысы болып жариялап, ел Тәуелсіздігі туралы заңды қабылдады.
«Азаттық радиосы» сол кезеңде Нұрсұлтан Назарбаевтың одақ мүддесін жақтағаны жайлы болжамдар айтады.
Қайткен күнде де бұл күн тарихтағы сол тәуелсіздік жолындағы ең маңызды күндердің бірі болып қала беретіні анық.
Сонымен қатар бұл ерекше күнмен басқа елдің президенттері құттықтап хабарласып жатыр. Құттықтау жеделхаттарын Қос киенің сақшысы, Сауд Арабиясының Королі Салман бен Әбделазиз Әл Сауд, Сауд Арабиясының Тақ мұрагері, Премьер-министрі Мұхаммед бен Салман бен Әбделазиз Әл Сауд, Рим Папасы Франциск, Жапония Императоры Нарухито, Марокко Королі VI Мұхаммед, Бахрейн Королі Хамад бен Иса Әл Халифа, Оман Сұлтаны Хайсам бен Тариқ, Нидерланд Королі Виллем-Александр, Бельгия Королі Филипп, Швеция Королі Карл Густав, Испания Королі VI Фелипе, Таиланд Королі Маха Вачиралонгкорн, Германияның Федералдық Президенті Франк-Вальтер Штайнмайер, Үндістан Президенті Драупади Мурму, Корея Республикасының Президенті Юн Сок Ёль, Беларусь Президенті Александр Лукашенко, Италия Президенті Серджо Маттарелла, Швейцария Президенті Виола Амхерд, Чехия Президенті Петр Павел, Словакия Президенті Петер Пеллегрини, Португалия Президенті Марселу Ребелу де Соза, Иран Президенті Масуд Пезешкиан, БАӘ Президенті шейх Мұхаммед бен Заид Әл Нахаян, Мысыр Президенті Әбдел Фаттах Ас-Сиси, Индонезия Президенті Прабово Субианто, Палестина Президенті Махмуд Аббас, Сингапур Президенті Тарман Шанмугаратнам, Аустрия Президенті Александр Ван дер Беллен, Финляндия Президенті Александр Стубб, Хорватия Президенті Зоран Миланович, Болгария Президенті Румен Радев, Мажарстан Премьер-министрі Виктор Орбан, Армения Премьер-министрі Никол Пашинян, Армения Президенті Ваагн Хачатурян, Литва Президенті Гитанас Науседа, Латвия Президенті Эдгарс Ринкевичс, Эстония Президенті Алар Карис, Албания Президенті Байрам Бегай, Израиль Президенті Ицхак Герцог, Вьетнам Президенті Кыонг Лыонг, Румыния Президенті Клаус Вернер Йоханнис, Кипр Президенті Никос Христодулидис, Оңтүстік Африка Республикасының Президенті Матамела Сирил Рамафоса, Сербия Президенті Александр Вучич, Ирак Премьер-министрі Мұхаммед Шиа әл-Судани, БАӘ Вице-президенті, Премьер-министрі, Дубай әміршісі шейх Мұхаммед бен Рашид Әл Мактум, БАӘ Вице-Президенті, Премьер-министрдің орынбасары, Президент Әкімшілігінің басшысы шейх Мансұр бен Заид Әл Нахаян, Канаданың генерал губернаторы Мэри Саймон, Еуропалық Кеңестің Президенті Шарль Мишель, Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының Бас хатшысы Чжан Мин, Түркі мемлекеттері ұйымының Бас хатшысы Кубанычбек Өмірәлиев, Татарстан Раисы Рустам Минниханов, Ресей президенті Владимир Путин және басқалары жолдады.
Ақорданың мәліметіне қарасақ, құттықтау жеделхаттары әлі де келіп түсіп жатыр.
Жаңалықтар
- Алматы – Ташкент жолында мотор майын тасымалдаған жүк көлігі аударылып, өртенді
- Елімізде бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің күні
- Алматыда курьер тыйым салынған вейп тасып жүргенін білмеген
- ӘЧ-2026: Месси жаңа рекорд орнатты
- Венесуэладағы жер сілкінісі: Құрбандар саны 1,4 мыңға жетті
- Ормуз бұғазындағы қауіп күшейді
- Сербия президенті Александр Вучич қызметтен кететінін мәлімдеді
- Ажырасқандардың жеке сот орындаушы ақысын екі жақтап төлеуі — Конституцияға қайшы
- ӘЧ–2026: Бельгия G тобында жеңіске жетті, Иранның тағдыры кейінірек шешіледі
- Мектепке жөндеу жүргізілмесе де 78 млн теңге төлеген шенеуніктер жазаланды
- Астанада жолаушылар автобусы өртеніп кетті
- Жетісу облысындағы тасжолда түнгі жол апаты болып, бес адам қаза тапты
- Алматыда неге жарық жиі өшіп, бағдаршамдар істемей тұр?
- БҰҰ: Есірткінің жаңа түрлері нарықты жаулап барады
- Бітім жайына қалды: АҚШ пен Иран бір-біріне соққы жасады
- Францияда аптап ыстыққа байланысты ядролық реакторлардың жұмысы уақытша тоқтатылды
- ӘЧ-2026: Алғашқы екі аптада турнирге 3,6 миллион көрермен келіп, рекорд жаңартты
- Тоқаев әскерге шақыру, ант қабылдау және запасқа шығару рәсімдерінің жаңа тәртібін жариялады
- Екі жыл бойы алимент төлемей, 4,7 млн теңге қарыз жинаған тұрғын жазаланды
- Тарихи сәт: Мәжіліс соңғы отырысын өткізді