Қазақстан ресейлік Наталья Нарскаяны тергеу изоляторынан босатты
Фото: Бейнеден кадр
Қазақстанда ресейлік Наталья Нарская бір жыл қамауға алынғаннан кейін тергеу изоляторынан босатылды. Ресейде оған қатысты экстремизм бабы бойынша іс қозғалды.
Бұл туралы Адам құқықтары жөніндегі Қазақстандық халықаралық бюро KIBHR хабарлады.
Нарская өткен шілдеден бері Алматыдағы тергеу изоляторында отыр. Изоляторда отырған тұтқындардың айтуынша, қызды «азаптап, жазалау камерасына қамап қойған» және оның «айқайын бәрі естіген».
2023 жылдың сәуірінде Ресейде Нарскаяға қарсы екі бап – экстремизм (ҚК 282-бабының 2-бөлігі) және экстремистік әрекетке шақыру (ҚК 280-бабының 2-бөлігі) бойынша іс қозғалған.
Оған Нарскаяның ВКонтакте желісіндегі жарияланымдары себеп болған, онда тергеушілер «ресейлік әскерилерге өшпенділік қоздыру» және «ұлты бойынша анықталған адамдар тобы: орыстар, Ресей», сондай-ақ зорлық-зомбылыққа шақырулар тапқан.
Наталья Нарская Люберцы қаласынан келген 29 жастағы вокал мұғалімі. Украинадағы соғысты айыптап қалалық әкімдікке жазған хатынан соң полициядан қашып 2022 жылдың көктемінде Қазақстанға келген.
KIBHR қыздың Ресейдің экстрадициялау өтініші бойынша ұсталғанын және мерзімінің өтуіне байланысты босатылғанын түсіндіреді. Нарская тергеу изоляторында отырғанда Қазақстанға босқын мәртебесін беруді сұраған, бірақ ол қабылданбаған. Қазір бұл шешімге шағым жасалып жатыр, сондықтан ресейлік әйелді Ресейге экстрадициялау мүмкін емес.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық