Қазақстан Ресей мен Украина арасындағы келіссөздер үшін алаң беруге дайын - Абаев
Фото: Ашық дереккөзден
Қазақстанның Ресейдегі елшісі Дәурен Абаев Қазақстан Ресей мен Украина арасындағы келіссөздер үшін алаң беруге дайын екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Orda.kz порталы KazTag-қа сілтеме жасай отырып.
«Әрине, Қазақстан әлемге әсер ететін барлық процестерге көмектесуге әрқашан дайын. Бұл тек Ресей мен Украина емес, Армения мен Әзірбайжан, Сирия мәселесінде, Иран мәселесінде. Бәлкім, делдал боламыз деп қатты айтылған шығар, бірақ біз платформа беруге, қандай да бір жағдай жасауға дайынбыз», - деді Абаев ТАСС агенттігіне берген сұхбатында.
Абаев Украинадағы қақтығысты реттеу бойынша көптеген түрлі бастамалар бар екенін атап өтті.
«Сонымен қатар, қазір көптеген түрлі бастамалар бар және Ресейдің қатысуынсыз бұл процестер мүмкін емес. Әрине, бұл үдерістерде Ресейдің пікірі әрқашан ескерілуі керек. Біз делдал болу емес, алаң беруге, біраз жағдай жасауға дайынбыз», - деп қосты ол.
Естеріңізге сала кетейік, бір күн бұрын Әзірбайжан мен Армения келіссөздері Алматыда өтетіні белгілі болған еді. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан тарапының ұсынысы бойынша сыртқы істер министрлері арасында бітімгершілік келісімін дайындау үшін елдердің келіссөздерін өткізу туралы келісімді қолдады.
Жаңалықтар
- Шерзат ісі: Тоқтаубаев пен Қалиахметтің үкімі өзгеріссіз қалды
- Алматыда колледж студентінен туберкулез анықталды
- 5,2 млрд теңгеден астам шығын келтірген: Мәсімовтың бұрынғы күйеу баласына қатысты істің мән-жайы белгілі болды
- Қазақстанда ең төменгі жалақы 150 мың теңгеге дейін көтерілуі мүмкін
- Атыраудағы орталық мешітте педофилдің жаназасы шығарылған: ҚМДБ ресми жауап берді
- Терістеу
- Түркиядағы мектепке қарулы шабуыл: 18 адам зардап шекті
- Тоқаев Жетісу әкіміне «Достық» бекеті мен «Қорғас» арнайы экономикалық аймағындағы жұмыстарды тиімді ұйымдастыруды тапсырды
- АҚШ Ормуз бұғазындағы Иран порттарына әскери блокада енгізді
- Дарын Мубаровқа 865 000 теңге айыппұл салынды
- АҚШ Иранға ядролық қызметті 20 жылға «тоқтата тұруды» ұсынған — The New York Times
- Блогер Эльмира Төлегенова сотта кінәсін мойындады
- БЖЗҚ зейнетақы активтері 25,8 трлн теңгеге дейін өсті
- «Пайдасын олигархтар көреді, халық табысы өспейді»: Сарапшы елдегі жағдайды талдады
- Билік қазақ экономикасы 3 пайызға өскенін мәлімдеді
- Жүргізуші куәлігін алу тәртібі өзгереді
- Қырғызстанда ҰҚМК төрағасының тағы бір экс-орынбасары мен бірнеше қызметкер ұсталды
- Өскеменде автобуста қыздарды қол жүгірткен адамнан арашалаған жігітке депутат телефон сыйлады
- Иранның Ормуз бұғазын аша алмау «себебі» белгілі болды
- Германияның ең ірі ұлттық авиатасымалдаушысы Lufthansa қызметкерлерінің ереуілі үдей түсті