Қазақстан палестиналықтардың өз мемлекетін құру құқығын қолдайды – СІМ
Сауд Арабиясының астанасы Эр-Риядта Қазақстанның қатысуымен Араб мемлекеттері лигасы мен Ислам ынтымақтастығы ұйымының кезектен тыс бірлескен саммиті өтті.
Саммит барысында Араб мемлекеттері лигасы мен Ислам ынтымақтастығы ұйымына мүше елдердің өкілдері Таяу Шығыстағы жағдайға қатысты өз ұстанымдарын білдірді.
ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Қазақстанның палестиналықтардың өз мемлекетін құрудағы заңды құқықтарын қолдайтынын мәлімдеді. Біздің еліміз БҰҰ қарарларына сәйкес «Екі халық үшін екі мемлекет» формуласын жүзеге асыру тозығы жеткен Палестина халқының бейбіт және қауіпсіз болашағын қамтамасыз етудің бірден-бір жолы деп санайды.
«Біздің ел палестиналықтардың өзін-өзі анықтауға және халықаралық мойындалған Палестина мемлекетін құруға заңды құқықтарын толығымен қолдайды», - деді Сыртқы істер министрі.
Мұрат Нұртілеу, сонымен қатар, Қазақстанның Газа секторындағы жойқын соғыс қимылдарын дереу тоқтатуға шақырған Ислам Ынтымақтастығы Ұйымына мүше мемлекеттермен ынтымақтастығын атап өтті.
«Еліміз Мысырдың Газа секторының бейбіт тұрғындарына медициналық және гуманитарлық көмек көрсету дәліздерін беру туралы шешімін мақұлдады. Өз тарапымыздан Қазақстан жақында ғана палестиналық бауырластарымыз үшін бір миллион доллар қайырымдылық жасады және біз қосымша гуманитарлық көмек көрсетуді жоспарлап отырмыз» , – деді Нұртілеу.
Сыртқы істер министрі қазір Газада жүрген 150-ден астам қазақстандықтардың, негізінен әйелдер мен балалардың Рафах бақылау-өткізу бекетінен шыға алмайтынына алаңдаушылық білдірді.
«Осы мүмкіндікті пайдалана отырып, Мысыр мен оған қатысы бар барлық тараптарды Газа секторынан барлық бейбіт тұрғындарды, соның ішінде Қазақстан азаматтарын да сөзсіз эвакуациялауды қамтамасыз етуге шақырамын», - деді Нұртілеу.
Соңында Премьер-Министрдің орынбасары – Сыртқы істер министрі барлық халықаралық және гуманитарлық ұйымдарды гуманитарлық апатты жұмсарту және зардап шеккен аудандардағы өмір сүру жағдайларын қалпына келтіру үшін Газа секторындағы қазіргі төтенше күрделі жағдайға араласуға шақырды.
«Біз тек Таяу Шығыста ғана емес, бүкіл әлемде тұрақтылық пен қауіпсіздік үшін соғысқан тараптарды келіссөз үстеліне отырғызуымыз керек», - деп түйіндеді министр.
Бұған дейін Израиль Қазақстанға азаматтарды эвакуациялауға көмектесеміз деп уәде еткенін жазған болатынбыз. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеудің Израиль Сыртқы істер министрі Эли Коэнмен телефон арқылы сөйлесуі нәтижесінде белгілі болды.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық