Қазақстан онлайн қызмет көрсету бойынша әлемде сегізінші орында
Үкімет отырысында ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы баяндады.
ICRIAP басшысы Бағдат Мусиннің айтуынша, БҰҰ рейтингінде Қазақстан онлайн қызмет көрсету бойынша әлемде сегізінші орында, ал «электрондық үкіметті» дамыту бойынша 28-орында.
«Бүгінгі таңда мемлекеттік қызметтердің 93%-ға жуығы электронды түрде көрсетіледі. Өткен жылмен салыстырғанда смартфон арқылы көрсетілетін қызмет саны алты есеге өсті. Kaspi, Halyk платформалары арқылы 50-ден астам қызмет көрсетіледі. Бүгінде олардың саны 33 млн-ға жетіп, үш есе өсті», - деді Бағдат Мусин үкімет отырысында.
Министр проактивті қызмет енгізу жұмыстары жалғасып жатқанын айтты. Бұл мемлекеттің өзі көрсететін қызметтер. Бүгінде олардың саны 40-қа жетіп, екі миллионнан астам қызмет көрсетілді.
Әділет министрлігімен бірлесіп, сенімхаттардың 5 пайызы цифрлық форматқа көшірілді. Ішкі істер министрлігі мен «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының бірлескен жұмысының нәтижесінде автокөліктерді онлайн сатып алу-сату үлесі 55 пайызға жетті.
Банктердегі ипотеканы тіркеудің 67 пайызы онлайн режимде аяқталды.
Сондай-ақ, «электрондық үкімет» әрбір азаматты туған күнімен құттықтап, құжаттардың мерзімі өткені туралы алдын ала хабарлауды үйренді.
Жаңалықтар
- Маңғыстау даласын қоқыс жапты: Аймақ даулы бейнежазбадан кейін тазартылды
- Тоқаев Моңғолия президентін «Алтын Қыран» орденімен марапаттады
- БҚО-да тойға келгендер полиция бөлімінен бір-ақ шықты
- Алматыдағы Розыбакиев көшесіне Шаханов есімін беру ұсынылды
- 2027 жылы ҰБТ-ға балама тест болады
- Алматы жұртшылығы Шахановты ақтық сапарға шығарып салды
- Тоқаев: Моңғолиямен ортақ тарих біріктіретін біртұтас тамырланған көшпелі өркениет ұрпағымыз
- Қазақстандағы екінші АЭС Мойынқұм деп аталады
- АҚШ пен Иран арасындағы кезекті келіссөз қашан өтеді?
- Ерболат Досаев тағы бір қызметінен айырылды
- Мексикадағы пирамида маңында атыс болды: Екі адам қаза тапты
- Иран билігі АҚШ-пен келісімге келу үшін делегация жіберді
- Тим Кук Apple компаниясының бас директоры қызметінен кетеді
- Мұхтар Шаханов қайда жерленетіні белгілі болды
- Залал 2 млрд теңге: Петропавлда көлік өтпежолын салуға бөлінген бюджет қаржысы жымқырылған
- Қазақтың біртуар өршіл ақыны Мұхтар Шахановпен қоштасу рәсімі өтіп жатыр
- Астанада төрт тонна қауіпті сұйықтық құйылған 200 канистр табылды
- Ақсу қаласында зауытта жұмысшы қаза тапты
- Меркеде шенеуніктер жетім студенттердің ақысын жеген
- Қазақстан мен Моңғолия геологиялық барлау, мұнай өндіру салаларына заманауи технология енгізу туралы келісті