Қазақстан мен тағы бірнеше ел Ираннан өз дипломаттары мен азаматтарын кетуге үндеді
Фото: ЖИ
Иран төңірегіндегі ахуал күрт шиеленісіп барады. Бірқатар елдер өз дипломаттары мен азаматтарын шұғыл түрде елден кетуге шақырып жатыр, деп хабарлайды Orda.kz.
Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі қазақстандықтарға Иранға барудан уақытша бас тартуды, ал қазір ел аумағында жүрген азаматтарға мүмкіндігінше тезірек кетуді ұсынды. Сонымен қатар Таяу Шығыс елдеріне сапарды мұқият жоспарлауға және жағдайдың күрт ушығу қаупін ескеруге шақырды.
Ұлыбритания Ирандағы елшілігі қызметкерлерінің бір бөлігін кері шақырып жатыр. Лондон азаматтарына «аймақтық шиеленістің күшею қаупіне» байланысты сапардан бас тартуды ұсынды. Елшілік қашықтан жұмыс істейді.
Үндістанның елшілігі де өз азаматтарын Ираннан кетуге үндеді. Бұл үндеу Тегеран мен АҚШ арасындағы шиеленістің артуы және соғыс қаупінің күшеюі аясында жасалды.
АҚШ өз азаматтарына Ираннан дереу кетуді ұсынып, елден Армения немесе Түркия арқылы шығуға кеңес берді. Ресми мәлімдемеде жаппай наразылықтар зорлық-зомбылыққа ұласуы мүмкін екені, жолдардың жабылуы, интернет пен көлік қатынасында үзілістер болуы ықтималдығы айтылған.
Қытай билігі азаматтарын Иранға бармауға шақырып, елде жүргендерді тез арада эвакуациялауды ұсынды. Канада үкіметі қауіп деңгейін ең жоғарғы санатқа көтеріп, барлық канадалықтарды «қазір, шығу жолдары ашық кезде» елден кетуге үндеді.
Дональд Туск поляктарға «бірнеше сағаттан кейін кеш болуы мүмкін» деп, Ираннан шұғыл шығуды ескертті.
Бұл жағдай Иран мен АҚШ арасындағы келіссөздерден нақты нәтиже шықпағаны аясында болып отыр. Яғни тараптар мәмілеге келген жоқ, ал дипломатиялық тоқырау әскери сценарий қаупін күшейтіп отыр.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық