Қазақстан мен Ресей шекарасында жүк көліктерінің кезегі пайда болды
Фото: Ашық дереккөзден
Ауыр жүк көліктерінің кептелісі Ресей Федерациясы шекараcынан алты шақырым жерде орналасқан Маштаково ауылына дейін созылып жатыр, деп хабарлайды Orda.kz «Мой город» басылымына сілтеме жасап.
Жүргізушілер шекарада бір тәуліктен астам уақыт тұрамыз деп шағымданды. Жұрт неліктен өткізудің баяу қозғалатынын білмейді.
«Олар мені тек 12:00-де ғана жіберді, бірақ мен түстен кейін үште келдім. Себебін ешкім білмейді. Жүргізушілер мұның үш күннен бері жалғасып жатқанын айтады. Бейтарап аумаққа келетін болсақ, ол бос тұр. Ұйымдастыру жоқ», – дейді жүргізушілердің бірі.
Ресейдің Орынбор облысы бойынша шекара агенттігінің мәліметінше, Маштаково өткізу бекетінде шекаралық бақылаудың техникалық құралдарын ұстау бойынша жұмыстар жүргізілуде.
Бұл жағдайға Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша шекара қызметі де түсініктеме берді.
«Осы кезеңде Маштаково және Сырым бекеттері арқылы жүк көліктерінің қозғалысы уақытша қиындайды. Қазақстан шекарасынан өткенде Ақсай, Шаған және Тасқала өткізу бекеттерін пайдалануды ұсынамыз» деді ҰҚК.
Жаңалықтар
- Тоқаев рақымшылық туралы заңға қол қойды
- Алматыда еріген қар суы сел болып ағып, көпірді жұлып, жолды шайып кетті
- АҚШ Қазақстанға тағы 37 миллиард доллар инвестиция салмақшы
- Алматыда сел қаупіне байланысты тұрғындарды алдын ала эвакуациялау басталды
- Тоқаев «Қазақстан Республикасы Құрылтайы сайлауын тағайындау туралы» Жарлыққа қол қойды
- Оқушылар Конституцияны оқиды: Жаңа оқу жылынан бастап мектеп бағдарламасына өзгерістер енді
- Қазақстанда әуетакси мен дрондарды пайдалануға арналған заңнамалық негіз қалыптасты
- Үкімет ең төменгі жалақы мөлшерін арттыру мәселесін қарастырады
- 200-ден астам ер адамға «әйелдерге арналған ота» жасалған
- Ұлттық домбыра күні: Астанада қандай іс-шаралар өтеді?
- Атырау облысындағы баласы ұрып-соғып, қамап ұстаған 90 жастағы қарияны немересі қолына алды
- Елімізде жаңа Конституция күшіне енді: Жаңа дәуірдің бастауы
- ӘЧ-2026: Холандтың голы Норвегияны1/8 финалына шығарды
- Ақ үй АҚШ-тың Иранмен қақтығысқа жұмсаған шығынын 30 миллиард доллар деп бағалады
- Қайын жұртын қырып салған күйеу балаға жаңадан айыптар қосылды
- Путин мен Тоқаев стратегиялық серіктестікті талқылады
- Данай Шайықов әлемдегі ең мықты кәсіби хоккей лигасының мүшесі болды
- Ерлан Қарин Президент Әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары болып тағайындалды
- «16 жасында елді дүр сілкіндірген ақын»: Мұхтар Шахановтың өмірі мен ұстанымы
- Құрылтай — жаңа формат: Президент Құрылтай сайлауы мен оның маңызына тоқталды