Қазақстан мен Өзбекстанның теміржол әкімшіліктері арасында бірлескен кәсіпорын құру туралы бастамаға қолдау білдірілді
Фото: Ашық дереккөзден
Келіссөз барысында қос тарап Орталық Азиядағы тұрақтылық пен қауіпсіздікті сақтау мәселесіне ерекше көңіл аударды, деп хабарлайды Orda.kz порталы Inbusiness.kz- ке сілтей отырып.
Осы ретте Орталық Азия мемлекеттері басшыларының кезекті алтыншы Консультативтік кездесуіне дайындық барысы, сондай-ақ С5+ форматындағы ықпалдастық перспективалары талқыланды.
Екі елдің басшылары өңірдегі өзара ынтымақтастықты нығайту үшін Қазақстан мен Өзбекстанның теміржол әкімшіліктері арасында бірлескен кәсіпорын құру туралы бастамаға қолдау білдірді. Бұл бірлескен кәсіпорынды құрудағы мақсат – Қытай – Қазақстан – Өзбекстан бағытындағы жүк тасымалын ұйымдастыру үшін қазақ-қытай шекарасындағы және Өзбекстандағы жүк терминалдарын өзара тиімді негізде пайдалану.
Аталған жоба екіжақты сауданы жандандырып, тауар тасымалы көлемін арттыруға ықпал етеді, сондай-ақ оңтүстік бағыттағы жүк тасымалын ұлғайтуға қолайлы жағдай туғызады.
Жаңалықтар
- Қытай өзінің мұнай компанияларына АҚШ санкцияларын елемеуді бұйырды
- Еліміздің қажыларына Пайғамбар музейіне барғанда жеңілдік беріледі
- Астанада 20 жастағы жігіт тісін емдеймін деп барып, өмірінен айырылды
- Жұқпалы аурулар маманы: Екпе ауру қоздырады деген — қауесет
- Таяу Шығыс: Трамптың тұрақсыздығы, Ормуз бұғазы — шешілмеген шиеленіс
- «Kazakh Tazy» аясында ұлттық тұқымға қызығушылық артты
- Этносаралық «Алтын шаңырақ» айтысында неміс ұлтының өкілі тамаша өнер көрсетті
- Смадияров: Польшада ұсталған қазақстандық Тоқаевтың арқасында босатылды
- Трамп Конгреске Иранға қарсы соғыс қимылдары аяқталғаны туралы хат жолдады
- Таразда гимназия аумағында оқушы биіктен құлап, ауыр жарақат алды
- Түркістан облысының құтқарушылары 81 адамды эвакуациялады
- Енді ұшақ бортында домбыра тасымалдауға болады
- Иран АҚШ-пен бейбіт келіссөздер барысында жаңа ұсыныс жолдады
- Астанада ер адам баласы бар арбаның жанында әйелін ұрған: Бейне желіге тарады
- СҚО-да ер адамның мәйіті бірнеше күн бойы төсектің астында жатқан: Әйел 14 жылға сотталды
- Ақмола облысында «Қазгидромет» қызметкері бір айға жуық уақыттан бері табылмай жатыр
- Жамбыл облысында жанармайды заңсыз әкету схемасы әшкереленді
- Польша Қазақстанның әскери атташесі Әнуар Бәкібайды босатты
- Төсекке байлап қойып, үнемі ұрып-соққан: 26 жастағы ер адам туған қызын өлтірген
- Блогер Қайсар Қамза қамауға алынғаны туралы ақпараттан кейін Вьетнамнан видео жариялады