Қазақстан мен Өзбекстан жаңа әуе қатынасын ашты
Фото: biletik.aero
Қазақстан мен Өзбекстанның әуе кеңістігі арқылы өтетін Т916 жаңа бағыты ашылды. Бұл Еуропадан Оңтүстік-Шығыс Азияға ұшуға арналған қосымша бағыттардың бірі, деп хабарлады ҚР Көлік министрлігі.
Бағыт ашылғаннан бері Еуропадан Оңтүстік-Шығыс Азияға 19 рейс жасалды, бірақ жазғы маусымның соңына қарай оны пайдалану мүмкіндігі өседі, өйткені пайдаланушылар жаңа жолды игеру үшін біраз уақыт алады.
"Жаңа бағытты Lufthansa Cargo (Германия), Cargolux (Люксенбург), Cargolux Italy (Италия), Nomad aviation (Швеция), Western Global Airlines(АҚШ), Aerologic Cargo Airlines (Германия) сияқты авиакомпаниялары пайдаланды. Т916 әуе жолының жалпы ұзындығы 2187 шқ болады, оның ішінде 437 шқ борттар Өзбекстан Республикасының әуе кеңістігін пайдаланады, қалған 1750 шқ Қазақстан Республикасының аумағынан өтеді. Айта кету керек, жаңа бағыт Өзбекстан Республикасының авиакомпаниялары мен аэронавигациялық провайдерінің ұсынысы бойынша ашылды. Бұған дейін бұл бағыт ИКАО – ның таңдаулы бағыттарының каталогына енгізілген болатын" деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.
"Қазаэронавигация" РМК мамандарының айтуынша, жаңа әуе жолы шетелдік авиакомпаниялар үшін қазақстандық аспанның тартымдылығын арттырады, сондай-ақ Оңтүстік Қазақстан өңірлік әуе қозғалысына қызмет көрсету орталығының авиадиспетчерлеріне жүктемені азайтуға көмектеседі.
Жаңалықтар
- Прокурор Жанәбіловтерге жаза мерзімін сұрады
- Павлодарда полицей әйелдің денесін өртеп жіберген
- Екі кеме Ормуз бұғазы арқылы өтуге тырысқан: Иран әскери-теңіз күштері оларды ұстады
- Талғардағы сұмдық: Өлтірілген жігіттің туыстары оқиға туралы айтып берді
- СІМ Дубайда өмір бойына сотталған 22 жастағы қазақстандықтың ісіне қатысты пікір білдірді
- Ауыл мектептерінде директорлар жетіспейді
- «Арал теңізі – дұрыс жүргізілмеген саясат салдары» — Астанада өтіп жатқан экологиялық саммитте Тоқаев не айтты?
- Мәжіліс депутаты базарларға дизайн-код енгізуді ұсынды
- 100 жыл бұрынғы қазақ қыз-келіншектерінің келбеті қандай болды?
- Қызылордада ауылдық клубтың директоры мен есепшісі 10 жыл бойы бюджет қаражатын жымқырып келген
- Астанадағы самитте Арал өңірінің экологиясы мен климаттық-экологиялық мәселелер талқыланады
- Маслихат депутаттарының билігі күшейеді
- Талғарда 20 жастағы жігіт пышақ жарақатынан көз жұмды: Бірден 2 қылмыстық іс қозғалды
- Қазақ поэзиясының қара нары — Мұхтар Шаханов туған топырағына жерленді
- Дәрігерге күш қолданған азамат 1,5 жылға сотталды
- «Бекіре-2026» акциясы: Атырау облысында 378 заңбұзушылық анықталып,13 қылмыстық іс қозғалды
- ІІМ автомектептерге тексеріс барысында 701 оқу тобы қызметін тоқтатты
- Рахат Тұрлыханов отбасылық жанжалға қатысты жазадан құтылды
- Көпмиллиардтық қаражатқа салынып жатқан Ертіс үстіндегі көпір тағы өртенді
- Тоқаев Израиль президентін Тәуелсіздік күнімен құттықтады