Қазақстан мен Өзбекстан қандай келісімге келді?
Фото: Ашық дереккөзден
Өзбекстан сыртқы істер министрі Бахтиёр Саидов Астанаға ресми сапармен келді деп хабарлайды Orda.kz порталы.
Бахтиёр Саидовпен Қазақстан премьер-министрінің орынбасары – сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу кездесті. Екі елдің министрлері шағын және кеңейтілген құрамда келіссөздер өткізді. Кейін БАҚ алдына шыққан уақытында Мұрат Нұртілеу екі ел өзара ықпалдастығының тың бағыттарын айқындап, іргелі міндеттерді алға қойып отырғанын мәлім етті.
«Биыл өтетін жоғары деңгейдегі сапарларға, мемлекет басшыларының көпжақты форматтағы кездесулеріне ерекше назар аударылды. Экономикалық ынтымақтастықты одан әрі тереңдету перспективаларын ортаға салдық. Осы тұста, сауда, өнеркәсіп, көлік және логистика салаларындағы өзара іс-қимыл мәселелері жете талқыланды», – дейді министр.
Мұрат Нұртілеудің мәліметіне сәйкес, Қазақстан Өзбекстанның сауда серіктестерінің ішінде үшінші орында. Кейінгі жылдары екіжақты сауда көлемі тұрақты түрде 4 млрд доллардан асады. Екі мемлекет те өнеркәсіптік кооперация саласында айтарлықтай жетістіктерге қол жеткізген. Қазір жалпы құны 156 млн доллар болатын 12 бірлескен жоба іске қосылған. Оған қоса, құны 1 млрд доллар болатын жаңа 21 жоба қарастырылып жатыр.
«Алдағы белестердің бірі – осы алған екпінді жоғалтпай, екіжақты тауар айналымын 10 млрд долларға дейін еселету. Қазақ-өзбек шекарасында Халықаралық өнеркәсіптік кооперация орталығының жұмысы осы мақсатқа бағытталған. Өңіраралық ынтымақтастық форумдарын өткізудің маңыздылығын да бөлек атап өттік», - деді Мұрат Нұртілеу.
Нұртілеудің айтуынша, маңызды мәселенің бірі – су-энергетикалық кешені. Сол бағытта пікір алмасып, оны шешу жолдарына назар аударылған. Сонымен қатар, басқа да бірлескен жобаларды жүзеге асыру барысы талқыланған.
«Аталған бастамаларға сыртқы саяси ведомстволар тарапынан қажетті қолдау табылады деп уағдаластық. Екі мемлекеттің транзиттік әлеуетін арттыратын жаңа темір жолдарды салу жобалары ерекше назарда. Өз кезегінде, шекара арқылы өзбек тасымалдаушылары үшін транзитті жеңілдету бағытында нақты қадамдар жасау туралы уағдаластыққа қол жеткіздік. Қазақ тарапы бұл мәселелерде ортақ мүдде тұрғысынан қарап, өзіміздің мүддемізге сәйкес шешуге дайын екендігімізді атап өттім. Өз кезегінде шекара арқылы өзбек тасымалдаушылары үшін транзитті жеңілдету бағытында бірнеше ұсынысын берді. Оның ішінде шекарадан өту пункттерінің санын көбейту, жаңа жол салу мәселелер сияқты көптеген нақты сұрақтарды талқылап, жақын арада тиісті министрліктер арасында келіссөздер жүргізу туралы уағдаластыққа қол жеткіздік», - дейді Мұрат Нұртілеу.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық