Қазақстан мен Қырғызстан шекарасындағы тексерулер азаяды
Фото: Ашық дереккөзден
Қасым-Жомарт Тоқаев кеше Ақордада автовокзалдарды дамыту жөніндегі іс-шаралар жоспарына қол қойылғанын еске салды. Басты мақсат – шекаралық тексерулерді азайтып, кептелістерді жою.
«Біз шекарада салынып жатқан сауда-логистикалық және өндірістік кешен құрылысының барысын талқыладық. Оны мүмкіндігінше тезірек іске қосамыз деп келістік. Бұл қадам өндірістік қатынастар мен сауданың дамуына ықпал етеді. Сонымен қатар, агроөнеркәсіптік сектордағы мүмкіндіктерді талқыладық. Өткен жылы бұл саладағы екі ел арасындағы тауар айналымы 10 пайызға артып, 300 миллион долларға жеткен. Біздің елдеріміз үшін өндіріс көлемін арттыру, бірлескен кәсіпорындар ашу, ғылыми-зерттеу институттары арасында байланыс орнату өте маңызды»,- деді Тоқаев.
Осыған байланысты екі елдің үкіметтеріне «жол картасын» қабылдау тапсырылды, деді Қасым-Жомарт Тоқаев Ақордада Қырғызстан президенті Садыр Жапаровпен келіссөздер қорытындысы бойынша бірлескен мәлімдемеде.
Мемлекет басшысының айтуынша, әлемдік нарықтағы тұрақсыздық жағдайында азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге назар аударылды. Бүгінгі қабылданған шешімдер бұл мәселеге айтарлықтай әсер етеді.
«Қазақстан инвесторлары Қырғызстан экономикасының маңызды салаларын дамытуға, әлеуметтік жағдайын жақсартуға үлес қосуда. Мәселен, Ыстықкөл облысында қазақстандық кәсіпкерлердің қаржысына күн электр стансасын салу жоспарлануда. Сонымен қатар, Жалал-Абад облысында ферроқорытпа зауытын салу бойынша келіссөздер жүргізілуде. Біз бірлескен кәсіпорындардың тиімді жұмыс істеуі үшін қолайлы жағдай жасауға келісткі. Осыған байланысты бүгін Өзара инвестицияларды қорғау туралы келісімге қол қойылды. Сондай-ақ электронды үкімет жүйесін енгізу және дамыту туралы келісімге келдік. Тәжірибе алмасып, экономиканы цифрландыру үшін ақпарат саласындағы ынтымақтастықты нығайтуға келістік. Екі ел арасындағы байланысты жандандыру – маңызды міндеттердің бірі. Осы тұрғыда шекара арқылы жүктерді тасымалдау мүмкіндігін арттыру және оның рәсімдерін жетілдіру бойынша нақты шаралар қабылдануда», - деді Мемлекет басшысы.
Бұл ретте Қасым-Жомарт Тоқаев Ақордада автовокзалдарды дамыту бойынша іс-шаралар жоспарына қол қойылғанын еске салды. Басты мақсат – шекаралық тексерулерді азайтып, кептелістерді жою. Бұл жұмыс екі ел Үкіметтерінің ерекше бақылауында болады.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық