Қазақстан мектептерінде соңғы қоңырауды тойлау форматы қайтадан өзгерді
Фото: Ашық дереккөзден
Биыл 186 мың мектеп түлегі үшін соңғы қоңырау соғылады, деп хабарлайды Orda.kz порталы.
Қазақ мектептерінде соңғы қоңырауды тойлау форматы өзгерді. Бұл туралы Білім министрлігінде өткен аппарат отырысында ведомство басшысы Ғани Бейсембаев мәлімдеді.
Министр биылғы оқу жылы 25 мамырда аяқталатынын тілге тиек етті.
«Бір жыл ішінде білім беру бағдарламаларын сәтті аяқтаған 3,8 миллионнан астам мектеп оқушылары келесі сыныптарға көшуі тиіс. 24 мамырда 1-10 сынып оқушылары үшін бірыңғай сынып сағатын өткізу жоспарлануда. Келесі күні, яғни 25 мамырда еліміздегі 186 мың мектеп түлегі үшін соңғы қоңырау өтеді деп жоспарланды», – деді министр.
Бұл ретте Білім министрлігінің басшысы мерекелік шараны өткізу форматының өзгергеніне тоқталды.
«Биылғы мектеп бітірушілер бұл іс-шараны сән-салтанатсыз, рухани-адамгершілік деңгейде өткізетініне сенімдімін. Шараны алғаш рет жаңа форматта атап өтеміз. Бұл болашақ түлектер үшін жақсы дәстүрге айналатынына сенімдімін», - деді Ғани Бейсембаев.
Сондай-ақ, облыстық білім басқармаларының басшыларына оқу жылының аяқталуын тиімді ұйымдастырып, қауіпсіздік шараларының сақталуын қадағалауды тапсырды.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық