Қазақстан Қытай мен Бразилияның Украинаға қатысты бейбітшілік жоспарын қолдайды – Тоқаев
Фото: Ақорда баспасөз қызметі
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ресейдің Қазан қаласында өткен «БРИКС плюс» саммитіне қатысты, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
«Мемлекет басшысы «БРИКС плюс» саммитіне қатысты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазандағы БРИКС пленарлық отырысында «аутрич»/«БРИКС плюс» форматында сөз сөйледі, деп хабарланды.
Мемлекет басшысы БРИКС халықаралық тартылыстың жаһандық орталығына айналып келе жатқанын, оған өзара тиімді ынтымақтастыққа ұмтылған көптеген елдер іс жүзінде қызығушылық танытып отырғанын атап өтті.
«БРИКС-тің даму жолы орасан зор әлеуетке ие және әртүрлі континенттердегі мемлекеттерді біріктіреді, ынтымақтастықты нығайтады және барлық қатысушылардың игілігі үшін бірлескен мүмкіндіктерді тиімді пайдаланады. БРИКС-тің ортақ гүлдену, өзара құрмет пен серіктестік қағидаттарына негізделген болашақ құру үшін ресурстары да, тәжірибесі де жетерлік», - деді ол.
Қазақстан Президентінің айтуынша, БРИКС-тің көпжақты күш-жігері БҰҰ-ның қызметін үйлесімді толықтырады, ол таптырмас және әмбебап құрылым болып қала береді.
«БҰҰ Жарғысында бекітілген дипломатия мен диалог принциптері қақтығыстарды бейбіт жолмен шешуге және стратегиялық тұрақтылықты нығайтуға ықпал ететін БРИКС күн тәртібінің негізіне айналды. Біз Ресейдің өзара сенім мен ынтымақтастықты нығайту арқылы геосаяси шиеленісті азайтуға бағытталған Еуразияда тең және бөлінбейтін қауіпсіздікті құру тұжырымдамасын жоғары бағалаймыз.
Қазақстан Қытайдың халықаралық тұрақтылықты сақтауға, егемендікті қорғауға, көпжақты тәсілдерді қолдануға және жанжалдарды бейбіт жолмен шешуге бағытталған жаһандық қауіпсіздік бастамасын қолдайды. «Қазақстан жалпы Қытай мен Бразилияның Украинаға қатысты бейбітшілік жоспарын қолдайды», - деді Тоқаев.
Жаңалықтар
- Германия Ресейден қауіптеніп, ықтимал соғысқа дайындықты бастап кетті
- Көші-қон заңнамасын бұзған 27 шетелдік елден шығарылды
- Аида Балаева: Көші-қон саясаты түбегейлі өзгереді
- Австрияда балалар тағамына у қосқан адам ұсталды
- БАҚ бойынша президенттің 2026 жылғы сыйлықтары мен гранттарына ұсыным қабылдау басталды
- «Оскар» ұйымдастырушылары ЖИ-актерлер мен сценаристерге шектеу қойды
- Қытай өзінің мұнай компанияларына АҚШ санкцияларын елемеуді бұйырды
- Еліміздің қажыларына Пайғамбар музейіне барғанда жеңілдік беріледі
- Астанада 20 жастағы жігіт тісін емдеймін деп барып, өмірінен айырылды
- Жұқпалы аурулар маманы: Екпе ауру қоздырады деген — қауесет
- Таяу Шығыс: Трамптың тұрақсыздығы, Ормуз бұғазы — шешілмеген шиеленіс
- «Kazakh Tazy» аясында ұлттық тұқымға қызығушылық артты
- Этносаралық «Алтын шаңырақ» айтысында неміс ұлтының өкілі тамаша өнер көрсетті
- Смадияров: Польшада ұсталған қазақстандық Тоқаевтың арқасында босатылды
- Трамп Конгреске Иранға қарсы соғыс қимылдары аяқталғаны туралы хат жолдады
- Таразда гимназия аумағында оқушы биіктен құлап, ауыр жарақат алды
- Түркістан облысының құтқарушылары 81 адамды эвакуациялады
- Енді ұшақ бортында домбыра тасымалдауға болады
- Иран АҚШ-пен бейбіт келіссөздер барысында жаңа ұсыныс жолдады
- Астанада ер адам баласы бар арбаның жанында әйелін ұрған: Бейне желіге тарады