Қазақстан халықаралық математика олимпиадасында тарихи нәтиже көрсетті
Фото: оқу-ағарту министрлігі
Солтүстік Македонияда математика бойынша өткен жарыста қазақстандық оқушылар тарихта болмаған нәтиже көрсетті, деп хабарлайды Orda.kz.
Қазақстандық оқушылар Солтүстік Македонияда өткен Балқан математика олимпиадасында төрт алтын медаль жеңіп алды. Білім бәсекесіне 24 елден оқушылар қатысты.
Барлық алтын медаль иегерлері – Алматы қаласының оқушылары.
- Әнуар Ағыбаев – Алматы қаласындағы NurOrda халықаралық мектебінің 9-сынып оқушысы;
- Александр Олейников – Алматы қаласындағы NurOrda халықаралық мектебінің 9-сынып оқушысы;
- Жәңгір Болат – Алматы қаласындағы Республикалық физика-математика мектебінің 8-сынып оқушысы;
- Батырхан Бейғанов – Алматы қаласындағы Республикалық физика-математика мектебінің 9-сынып оқушысы.
Сондай-ақ, Ақтөбе облыстық «Білім-инновация» лицей-интернатының 9-сынып оқушылары тағы екі медаль жеңіп алды. Нұртай Мәлік күміс медаль, ал Мирас Кеңесбек есімді оқушы қола медаль иеленді.
«Қазақстан құрамасы жарыс тарихындағы ең үздік нәтижесін көрсетіп, төрт алтын, бір күміс және бір қола медаль жеңіп алды. Командалық есепте 24 ел қатысушылары арасында біздің оқушыларымыз екінші орынды иеленді» деп жазылған хабарламада.
Айта кетейік, Түркістан облысында 15 жастағы мектеп оқушысы 23 жастағы әскери қызметкерден жүкті болып, босанған еді.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық