Қазақстан Германияда өткен жасөспірімдер арасындағы конькимен жүгіруден төрт алтын медаль алды

cover Фото: ҚР Спортты дамыту дирекциясы баспасөз қызметі

Қазақстан Германияда өткен жасөспірімдер арасындағы конькимен жүгіруден Әлем кубогының кезеңінде төрт алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Orda.kz. 

Инцелль қаласында халықаралық турнирдің алғашқы күнінде Кристина Шумекова 1 000 және 3 000 метр қашықтықта алтын медаль жеңіп алды.

1 000 метр қашықтықта нео-сеньорлар арасында жүлделі тұғырдың барлығын қазақстандық спортшылар иеленді: Инесса Шумекова, Дарья Важенина және Алина Дауранова. Сондай-ақ Қазақстан әйелдер арасындағы командалық спринтте (нео-сеньорлар) бірінші орын алды.

Андрей Семенов 1 000 метр қашықтықта (нео-сеньорлар) екінші нәтиже көрсетті. Әйелдер арасындағы командалық спринтте қазақстандық жасөспірімдер екінші орынға ие болды. Ал ерлер арасындағы командалық спринтте (нео-сеньорлар) Қазақстан қола медаль жеңіп алды.

Оқи отырыңыз:


Жаңалықтар

барлық жаңалықтар