Қазақстан Еуро-2024 іріктеу кезеңінің финалдық ойынында Словениядан ұтылды
Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы Еуро-2024 іріктеу кезеңінің финалдық ойынында Словениядан ұтылды.
Люблянадағы «Стожице» стадионында өткен кездесуде қазақстандық қорғаушы Ян Вороговский өз айып алаңында ереже бұзған соң есепті 42-минутта словениялық шабуылшы Беньямин Шешко пенальтиден ашты. Екінші таймның басында Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Рамазан Оразов есепті теңестіргенімен, негізгі уақыт аяқталуға төрт минут қалғанда алаң иелері қайтадан алға шықты – жартылай қорғаушы Бенджамин Вербич гол соқты.
Қорытынды есеп 2:1 Словения құрамасының пайдасына.
Кездесудегі жеңіс «Н» тобында топ жарған словендер мен даниялықтарға 2024 жылғы Еуропа чемпионатының негізгі кезеңіне жолдама алуға мүмкіндік берді.
Топта Финляндия үшінші, Қазақстан төртінші орын алды. Солтүстік Ирландия мен Сан-Марино құрамасы топтағы турнирлік кестеде бесінші және алтыншы орындарды иеленді.
Қазақстан топты алты жеңіс және төрт жеңіліспен аяқтады.
Бұл ретте Қазақстан Ұлттар лигасының плей-офф кезеңіне қатысуына байланысты Еуро-2024 финалдық кезеңінде бақ сынау мүмкіндігін әлі де сақтап қалды, онда қазақстандық құрама Грекия құрамасымен ойнайды.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық