Қазақстан елшіліктері 1 қаңтардан бастап шетелдіктерге ЖСН беруді тоқтатады
Фото: Envato
2026 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстанның елшіліктері шетел азаматтарына жеке сәйкестендіру нөмірін (ЖСН) беруді тоқтатады. Бұл туралы Orda.kz Қазақстанның Ресейдегі елшілігіне сілтеме жасап хабарлады.
Дипломатиялық өкілдікте нақтылағандай, шетелдіктерге ЖСН беру жөніндегі пилоттық жоба 2025 жылғы 31 желтоқсанда аяқталады.
Оның орнына шетел азаматтары үшін eResidency бағдарламасы енгізілді. Бұл бағдарлама Қазақстан аумағына келмей-ақ, мемлекеттік қызметтер мен сервистерді онлайн форматта алуға мүмкіндік береді.
Бағдарлама аясында жеке сәйкестендіру нөмірі бар цифрлық ID-карта алу, сондай-ақ бірқатар қаржылық және цифрлық сервистерге қол жеткізу көзделген. Атап айтқанда, қор нарықтары мен криптобиржаларға шығу, қазақстандық нөмірі бар eSIM рәсімдеу, электрондық цифрлық қолтаңба мен сақтандыру қызметтерін алу, қазақстандық карталарды пайдалана отырып, банк шоттарын онлайн ашу мүмкіндігі қарастырылған.
«Жоғарыда айтылғандарға байланысты, шетел азаматтарына ЖСН алу мәселелері бойынша барлық толық ақпарат қолжетімді болатын ресми сайтқа жүгіну ұсынылады: https://eresidency.gov.kz/» деп жазылған Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы елшілігінің хабарламасында.
Еске салсақ, сервис 2025 жылғы 6 желтоқсанда таңертеңгі сағат 9: 00-ден бастап 8 желтоқсанда сағат 9: 00-ге дейін қолжетімді болмады. Соның өзінде шетелдіктер жеке сәйкестендіру нөмірін (ЖСН) ресімдеу уақытша тоқтатылғанын айтып улардай шулап еді.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық