Қазақстан Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына қанша млрд жұмсамақ?
Фото: worldnomadgames.kz
Қазақстан Дүниежүзілік көшпенділер ойындарын өткізу үшін 5,7 миллиард теңге бөлетін болды, деп хабарлады Orda.kz.
Бұл ақпаратты ОҚК-де өткен брифингте Дүниежүзілік ойындарға дайындық дирекциясының орынбасары Абылай Қоңдыбаев мәлімдеді.
«Мемлекеттік бюджет осы ойындарға 5,7 миллиард теңге бөлді. Негізгі шығындар қонақтардың тұруы мен тамағын қамтамасыз етуге жұмсалады», – деді Қоңдыбаев.
Ойындарға 2314 спортшы қатыспақ.
«Біздің ұлттық құрама барлық ойындарға қатысқан. Дәстүр бойынша қабылдаушы ел әрқашан келген қонақтардың шығындарын өз мойнына алады», – деп атап өтті Қоңдыбаев.
Әр қонаққа еліміз шамамен 1,8 миллион теңге жұмсайды. «Ұлттық және ат спорты орталығының» директоры Бақдәулет Сәбитов ойын барысында 21 спорт түрі бойынша 97 медаль жиынтығы сарапқа салынатынын айтты.
V Дүниежүзілік көшпенділер ойындары Астанада 8-13 қыркүйек аралығында өтеді. Шара кезінде қала бойынша арнайы автобустар жұмыс істейді, олар таңертеңгі 8.00-ден кешкі 20.00-ге дейін қатынайды.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық