Қазақстан БҰҰ-ның азық-түлік пен климат бойынша пилоттық жобасына қатысады
Фото: Егемен Қазақстан
Қазақстан климаттың өзгеруі жағдайында азық-түлік қауіпсіздігі мен тұрақты ауыл шаруашылығын нығайту бойынша пилоттық жобадағы БҰҰ таңдаған бес елдің қатарында, деп хабарлады Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметі.
«Қазақстан азық-түлік қауіпсіздігі және климаттың өзгеруі бойынша пилоттық жобаны жүзеге асыру үшін БҰҰ таңдаған бес елдің бірі болды», деп атап өтті министрлік.
Астанада Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Біріккен Ұлттар Ұйымының Азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымымен (АШҰ) бірлесіп ұйымдастырған «Конвергенция бастамасы – Қазақстандағы азық-түлік жүйелері мен климаттық әрекет арасындағы синергияны нығайту» атты ұлттық семинар өтті.
Семинарда тұрақты ауыл шаруашылығы, азық-түлік қауіпсіздігін арттыру және климаттың өзгеруімен күрес бойынша бірлескен стратегиялар талқыланды.
Шарада Азық-түлік жүйелері жөніндегі ұлттық үйлестіруші Назгүл Хатепова сөз сөйлеп, Қазақстанның климатқа төзімді тәжірибелерді белсенді түрде енгізіп жатқанын және жаңа экологиялық сын-қатерлерге жауап беретін аграрлық саясат әзірлеп жатқанын атап өтті.
Семинар елдегі жағдайды бағалауға, олқылықтарды анықтауға және азық-түлік жүйелері мен Қазақстандағы климаттық іс-әрекеттердің тиімді жақындасуын анықтауға бағытталған.
Жаңалықтар
- Ормуз ашылды, бірақ қысым сақталады: Иран, Трамп және мұнай нарығы қалай өзгерді?
- Тоқаев БҰҰ-ды реформалау мәселесіне жауапкершілікпен қарау керегін айтты
- Министрлік Баян Алагөзованың «Қыз Жібек» фильміндегі киімге қатысты жариялаған жазбасына пікір білдірді
- АҚШ Сириядан өз әскерін толық шығарды
- Ақтөбе облысында 2 апта бұрын жоғалған 10 жастағы баланың денесі табылды
- Алматыда екі автобус соқтығысты, жарақат алғандар бар
- Әділет Алмат Азия чемпионы атанып, 4 жыл үзілістен кейін елге дзюдодан алтын әкелді
- Ливан Израиль бітімді бұзғанын мәлімдеді
- Аида Балаева: Грант алу үшін ҰБТ-ны екінші рет тапсыру мүмкіндігі болмайды
- Бірден 22 жол апаты: Қазақстандықтар жүргізуші куәлігін алу емтиханын қалай тапсырып жүр?
- Тоқаев дипломатиялық форумға қатысу үшін Анталиядағы NEST конгресс орталығына келді
- Кәсіпкерді сан соқтырған: 10 жылдан аса іздеуде жүрген ер адам Германиядан экстрадицияланды
- Сұлулық жауһары: Шолпының қандай түрлері бар?
- Бішкекте жалаңаш ер адам балаларды қуалаған
- Алматы облысында алаяқтың арбауына түскен әйел көмектеспек болған полицейлерден қашты
- Атырауда зираттан қару мен оқ-дәрілер табылды
- Құлжа күре жолында бірден бес көлік соқтығысты
- Индонезияда тікұшақ апаты: Борттағы барлық адам опат болды
- Семейде қосымша нәпақа табам деп жұмыс істеп жүрген студент қолынан айырылды
- Қарағанды облысында жол апатынан екі мотоцикл жүргізушісі қаза тапты