«Қазақстан бюджетіне ауырлық түсетін болды»: Мұнай бағасы төмендеді
Коллаж Orda.kz
4 қыркүйек күні әлемдік нарықта мұнай бағасы 4%-ға төмендеді. Бұл Қазақстан экономикасына қатты әсер етуі мүмкін.
Orda.kz мәліметінше, мұнай бағасының күрт төмендеуі Ливиядағы саяси қақтығыстың аяқталуына және елдің экспорттық көлемінің екі есе азайғанына байланысты болып отыр.
Reuters хабарлағандай, Brent маркалы мұнай фьючерстерінің бағасы 4,9%-ға төмендеді. Ал келесі сауда сессиясында тағы 0,5%-ға құлдырады. Мұнай бағасының құлдырауы осы жылдағы ең төменгі деңгейге жетті (73 доллар 38 цент бір баррель үшін). Бұл соңғы рет 2023 жылдың желтоқсанында байқалған. Құнсыздануға Қытай мен АҚШ экономикасының нашар көрсеткіштері де әсер етті. Қытайда мұнай өнімдерінің өндірісі жартыжылдық минимумға дейін төмендесе, АҚШ-та шикі мұнай мен бензин қорлары азаймақ. Ливияның ұлттық мұнай корпорациясы 2 қыркүйекте форс-мажор жариялап, мұнай экспорты тоқтады. Алайда, саяси қақтығыстың аяқталуы мен әлемдегі екі негізгі мұнай тұтынушының, АҚШ пен Қытайдың экономикалық әлсіздігі, мұнай бағасының күрт төмендеуіне алып келді.
Қазақстан үшін мұнай бағасының күрт төмендеуі оң нәтиже бермейді. Halyk Finance аналитиктерінің соңғы шолуына сәйкес, мұнай-газ секторі елдің ЖІӨ-нің 20%-ын, экспорттың жартысынан көбін және үкімет кірістерінің 30%-ын қамтамасыз етеді. Әлемдік мұнай бағасының құлдырауы мен өндірістің төмендеуі бюджет кірістерінің азаюына алып келеді.
Еске сала кетсек, Orda.kz Қазақстанның мұнай қоры енді қанша жылға жететіні жайлы жазған болатын.
Жаңалықтар
- Ливан өлім жазасын жойған алғашқы араб елі болды
- Нұрай Серікбайдың өлімі: Прокурор күдіктіге өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасын сұрады
- Иранның қастандық жасау қаупіне байланысты Трамп ұшағын ауыстыруға мәжбүр болды
- Бір серіктестіктің алты бірдей жұмысшысы құдыққа түсіп қаза тапқан: Полиция үш адамды ұстады
- Бала ауыр халде: Футбол алаңында төтенше жағдай болды
- Сирияның бұрынғы президенті Башар Асад сырттай өлім жазасына кесілді
- Алматыда күйеуін өлтірген әйел сотта ақталды
- Прокуратура талабымен: Атырау облысында полицейлерді соққыға жығып, бостандықта жүргендер сотталды
- Аичи-Нагоя-2026: Азия ойындарының медальдары таныстырылды
- Қытайлық ғарыш миссиясы сәтсіз аяқталды: Зымыран тасығыш 90 секундта жарылып кетті
- Медициналық сақтандыру қорынан 3,5 млрд теңгеден астам қаржы ұрланған
- Ақсайда түнгі клубта жаға жыртысқандар жазаланды
- «Крыша боламын» деп 30 млн теңге талап еткен ММА жаттықтырушысы ұсталды
- Парсы шығанағында тұрып қалған кемелер әлемді экологиялық апатқа ұшырата ма?
- Бесағашта мас ер адам көшеде қыздарға бейәдеп ұсыныс жасаған
- Астанада полиция қызметкері кәмпитке қақалған баланың өмірін құтқарды
- Елден жаппай ақша алып қашып жатқандар кім? ҰҚК мәлімдеме жасады
- Қазақстандықтар үй сатып алуды азайтты ма? Тұрғын үй нарығында жаңа өзгеріс байқалды
- Өз тойына келе алмаған жұптың тойы экран арқылы өтті
- Үйлену тойында пышақтап өлтірген: Ақтөбе облысындағы сұмдық жайт