«Қазақстан барысы» турнирін ұйымдастырған компания банкрот болды
Фото: freepik.com
Қаржы министрлігі банкрот деп танылған 3000-ға жуық компаниялар тізімін жариялады. Оның арасында «Қазақстан барысы» қазақ күресі турнирін ұйымдастырған «Қазақстан барысы Advertising» ЖШС да бар, деп хабарлайды Orda.kz Kursiv.media ақпараттық порталына сілтеме жасап.
«Қазақстан барысы Advertising» ЖШС үстінен 2023 жылы турнирге бөлінген 1 млрд теңгеден аса қаржыны жымқырды деген күдікпен қылмыстық іс қозғалған еді. Қаржы мониторингі агенттігі сол кезде компания басшылары 2016-2019 жылдары жалған шот-фактура жазып, бюджет қаржысын жымқырды деп айтқан.
«Қазақстан барысы» турнирінің бас ұйымдастырушысы – қоғам белсендісі Арман Шораев. Осы іс қозғалғанда ол әлеуметтік желідегі парақшасында өзінің ақ екенін жазған.
«Қазақстан барысы Advertising» компаниясы 2023 жылы құрылған. Бас директоры да, құрылтайшысы да – Жасұлан Мұсабеков деп көрсетілген. Ақмола облысында тіркелген компанияның қызмет бағыты «өнер, ойын-сауық және демалыс» деп жазылған.
Компания 2021 жылдан бері салық төлемеген. Мемлекеттік салық комитетінің мәліметі бойынша, компания мойнында 318 млн теңге салық қарызы бар.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық