Қазақстан «Авраам келісіміне» қосылады
Фото: әлеуметтік желіден
Қазақстан «Авраам келісіміне» қосылмақ. Осылайша Қазақстан Трамптың ел тізгінін ұстаған екінші мерзімінде «Авраам» («Ибраһим») келісімдеріне қосылған алғашқы ел болады, деп хабарлайды Orda.kz.
Ақ үйдегілер Қазақстанның келісімге қосылуы Газа секторындағы соғыстан кейін Израильді халықаралық қолдауды қалпына келтіру бағытындағы алғашқы қадам болатынын атап өтті.
«Қазақстан әлемдік қоғамдастыққа халықаралық қауіпсіздікті нығайтудың жақтаушысы ретінде белгілі. Қазақстан әлемнің көптеген елдерімен, соның ішінде Таяу Шығыс мемлекеттерімен және Израильмен сындарлы ынтымақтастықты дамытып жатыр. «Авраам келісіміне» қосылу — Қазақстан Республикасының сыртқы саяси бағытының табиғи, қисынды жалғасы», деп хабарлады Ақорда.
«Авраам келісімі» — 2020 жылы басталған тарихи дипломатиялық бастама. Ол Израиль мен бірнеше араб елдері (БАӘ, Бахрейн, Марокко, Судан) арасындағы бейбіт қатынастарды орнатуға бағытталған.
Бұл келісімнің мақсаты — Таяу Шығыстағы елдер арасындағы соғысты тоқтатып, экономикалық және саяси ынтымақтастық орнату. Яғни, бұрын Израильмен қарым-қатынасы болмаған араб елдері онымен ресми байланыс орнатты: елшілік ашты, сауда, туризм, технология салаларында әріптестік басталды. Келісім «Авраам» деп аталған. Өйткені Авраам (Ибраһим) — үш діннің (иудаизм, христиан діні және ислам) ортақ пайғамбары. Бұл атау бейбітшілік пен дінаралық түсіністі білдіреді.
Айта кету керек, Палестина мәселесіне келгенде бұл келісім сынға ұшырады. Себебі ол Палестинаның тәуелсіздік мәселесін шешпей, Израильдің аймақтық позициясын күшейтті. Яғни, көпшілік мұны Израильдің дипломатиялық жеңісі деп бағалады.
Еске сала кетейік, Молдова билігі Кишинёв қаласындағы Ресей ғылымы мен мәдениетіне арналған орталықты, яғни «Орыс үйін» жабу туралы шешім қабылдады.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық