Қазақстан әскерінде ерікті қызмет пайда болады
Қазақстанда әскери қызметтің жаңа түрі – запастағы ерікті қызмет пайда болады.
Жобаға Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықов түсініктеме берді.
«Заң мемлекетіміздің жұмылдыру дайындығын арттыруға бағытталған. Өздеріңіз білесіздер, экономикасы дамыған әлемнің бірде-бір жетекші мемлекеті әскерін толықтай сақтай алмайды. Бұл өте қымбат. Осының негізінде резервтегі қызмет басымдыққа ие болады»,- деді Жақсылықов.
Министрдің айтуынша, запастағы қызмет туралы заң АҚШ-та, Ұлыбританияда, Францияда, Италияда және көршілес Ресейде, Беларусьте, Украинада бар. Қазақстанда бұл пайда болуы үшін барлық әлеуметтік және тұрмыстық мәселелер шешіліп, логистикалық және техникалық қамтамасыз ету жолға қойылуы керек.
2025 жылы билік екі мыңға жуық резервтегі әскерлерді шақыруды жоспарлап отыр. Оларды ұстауға жылына 3,5 миллиард теңгеден астам қаражат қажет.
Заң жобасында:
запастағы əскери қызметке кіретін адамға запаста əскери қызмет өткеретін əскери қызметші (бұдан əрі – запастағы әскери) мəртебесін беру;
запастағы әскери қызметке іріктеу және қабылдау тетігі;
запастағы әскери қызметкердің құқықтары мен міндеттері;
запастағы әскери қызметті өтеу тәртібін;
әлеуметтiк қамсыздандыру және әскери қызметшiлердiң барлық түрлерiн үстемеақылармен қамтамасыз ету;
запастағы қызметтен босату.
Сонымен қатар, заң жобасымен запастағы әскери қызметте болудың шекті жасы, запастағы әскери қызметшілерді даярлау және оның тәртібі, сондай-ақ запастағы әскери қызметшілердің қызмет ету кезеңінде залал келтіргені үшін жауапкершілік белгіленді.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық