Қытайлық әуе компаниясы Қазақстанға қону арқылы Қытай мен Еуропа арасында жүк рейсін ашады.
Қытайлық Sichuan Airlines әуе компаниясы Ченду - Алматы - Будапешт бағыты бойынша Қазақстанға техникалық қону арқылы Қытай мен Еуропа арасында тікелей тұрақты жүк рейсін ашуды жоспарлап отыр, деп хабарлайды Orda.kz. Азаматтық авиация комитетіне сілтеме жасап.
Рейстер аптасына 5 рет (сейсенбі, сәрсенбі, бейсенбі, жұма және жексенбі) Airbus 330 ұшағы арқылы орындалады.
«Қазақстан арқылы жүк тасымалы еліміздің транзиттік әлеуетін одан әрі дамытуға ықпал етеді» делінген хабарламада.