Қазақстан анықтай алмаған жұмбақ ауру — Ермұрат Бәпи
Коллаж Orda.kz
Бүгін депутат Ермұрат Бәпи мәжіліс дәлізінде неге Германияға барып емделіп келгенін айтты.
Бұл туралы Orda.kz хабарлады.
Мәжілісмен 2020 жылы ресейлік оппозиционер Алексей Навальный тексерілген Берлиндегі әйгілі Шарите клиникасында медициналық диагностикадан өтті.
Бұған дейін Бәпи денсаулығына қатысты мәселелерге шағымданған – оның денесінде бірнеше ай бойы ісік пайда болған. Оның нақты сипатын қазақстандық мамандар анықтай алмады.
Бүгін ол «улану» жайлы өз сөзінде күдігі болғанын, ал өзінің олай «уландым» деп айтпағанын баяндады.
«Германияда клиникада оншақты күн диагностика жүргізді. Анықталған дүние — организмдегі бір-біріне қарама-қайшы препараттардың қақтығысы екен. Менің өзімде уланды деген күдік қана болған. Бұл мәселені Orda.kz сайтына интервью берген жігіттер айтып жүр. Содан ары қарай тарап кеткен ғой. Маған сылтау қажет емес. Бұл еуропаға бару үшін болған сылтау да емес. Осы қазақстанда менің диагнозым анықталмады. 3 бірдей клиникаға қаралдым. Анықталмаған соң, еуропаға баруға мәжбүр болдым. Өте ауыр сырқат болды. Қазірдің өзінде ол ауық-ауық қайталанып тұр», — деді Ермұрат Бәпи.
Еске сала кетсек, бұған дейін Ермұрат Бәпи посткеңестік кеңістікте кеңінен қолданылатын кейбір умен уланған болуы мүмкін деген болжам тараған болатын.
Бұған дейін Orda.kz Ермұрат Бәпидің жұмбақ ауруының себебін анықтау үшін Германияға ұшып кеткенін жазған болатын.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық