Қазақстан алтын қорын сатуды жалғастырады
Қазақстан соңғы айларда алтын-валюта қорлары ішінен алтынды ең көп сатқан елдер арасында екінші орынға шықты, деп хабарлайды Orda.kz.
Дүниежүзілік алтын кеңесінің мәліметі бойынша, Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі 1,89 тонна алтын сатты. Тек Сингапурдың Орталық банкі 7,65 тонна алтын сатып, бізден озды. Қазір Қазақстан алтын қоры бойынша Орталық Азия елдерінің ішінде Өзбекстаннан кейін екінші орында (Қазақстанда 284,05 тонна, көрші мемлекет 382,57 тонна).
Тоннамен өлшенетін алтын қоры бойынша Қазақстан әлемде 14-ші орында. Бұл деректер түпкілікті емес, өйткені World Gold Council (Дүниежүзілік алтын кеңесі) өзінде көптеген елдерге қатысты 2024 жылдың төртінші тоқсанына бойынша нақты дерек жоқ.
Дегенмен, қазірдің өзінде Қазақстан қорында Үндістан немесе Жапонияға қарағанда үш есе, ал тізімнің көшбасшысы АҚШ-тан 29 есеге дерлік аз алтын бар деген қорытынды жасауға болады.
Қазақстанның Орталық Азиядағы басқа көршілері алтын сатпайды, сатып алады: жақында Қырғызстан 12,17 тонна, Өзбекстан 8,71 тонна қымбат металл сатып алды.
Өткен жылы Ұлттық банк өз қорындағы алтынды белсенді түрде сатумен айналысты. 2024 жылдың үшінші тоқсанында оның қоры 295 тоннаға бағаланды. Осылайша, соңғы бірнеше айда Қазақстан 11 тоннаға жуық бағалы металдан «құтылып» үлгерді.
Ал, 2025 жылы Ұлттық банк, керісінше, алтын сатып алмақ болғаны бұдан бұрын белгілі болды - алты миллиард долларға 70 тонна металл сатып алу туралы сөз қозғалды.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық