Қазақша заңның кез келген бабынан қате табуға болады — Алмас Жұмағали
Фото: Бейнеден кадр
Заңгер Алмас Жұмағали жақында Қазақстан заңының қазақша нұсқасында жазылған қателіктерді айтып өтті.
Бұл туралы Алмас Жұмағали баспагер, жазушы Арман Әлменбеттің youtube арнасына берген сұхбатында айтты. Бұл қазақша заңға арналған бүтін бір шығарылым болды.
Заңгер әуелі мысал ретінде Жаңөзенде болған оқиғаға қатысты қылмыстық іс жүргізу процесінің толығымен қазақ тілінде жүргізілгенін айтты. Оқиға кезінде 50 адам материалдық шығын келтірді деп танылды. Ол қылмыстық іс жүргізу кодексінің 162-ші бабын баса айта кетті.
«Азаматтық талап есі кіресілі-шығасылы адамның тікелей қылмысымен немесе қоғамға қауіпті адамның әрекетімен келтірілген зиян үшін қойылады. Ал енді оқысаңыз, тек есі дұрыс емес адамдарға қойылады деген мағына тұр. Бұл орысшадан аударғанда аудармашылардан кеткен қате. Заңға таза аудармашыны отырғызып қоюға болмайды. Таза заңгерлерді отырғызып қоюға болмайды. Заңға заңгер, аудармашы, лингвист және маман кірісуі керек. Сонда дұрыс заң шығады», – дейді Алмас Жұмағали.
Аталған заңды аудармашы стилистиканы, қазақ тілі мен орыс тілінің айырмашылығын түсінбегендіктен, синтаксисті түсінбегендіктен бәрін есі дұрыс емес адамның мойнына жауып жібергенін айтты.
Заңгер 1999 жылдан бері осы заңдағы өрескел қатемен күресіп келе жатқанын айтады. Оның айтуынша, осы өрескел қате жіберілген заң 16 жыл бойы қолданылды. Алмас Жұмағалиев сол кездегі Ғылым академиясының мемлекет және заң институтының басшысы Сапарғалиевқа осы қатені көрсеткенде оның таңқалғанын айтты. Сосын осы жайлы 4 мақаласын парламентке жолдады. Ал парламент жауап беру тұрмақ, хатты алғандарынан да хабар бермепті. Бұл өрескел қате жіберіліп отырған заңды өзгерту туралы шешім 2014 қабылданып, 2015 жылдың 1 қаңтарында қате заң күшін жойды.
Жаңалықтар
- Өз қарызын жабам деп басқаны қарызға батырған әйел сотталды
- Тамыз айында Қазақстанның бірқатар өңірінде қуаңшылық болады
- Қытай мен Еуроодақ арасында «сауда соғысы» басталды
- Астанадағы әуетакси сынағы: Алғашқы вертипорт қайда салынады?
- «Тек жәбірленушінің жауабымен соттады»: 15 және 25 жылға сотталғандардың туыстары дабыл қақты
- Ұлттық банк базалық мөлшерлемені қайтадан төмендетті — 16,75 %
- АҚШ-тың жаңа кедендік баждары: Қазақстанға қатысы бар ма?
- ІІМ блогерлер мен ақпараттық ресурс иелеріне иелеріне ескерту жасады
- «Алтыналмас» АҚ кен орнында жұмысшы қаза тапты
- ЕО Google компаниясына 890 млн еуро айыппұл салды
- Астанада көкөніс дүкеніне кіріп кеткен көлік 15 жастағы қызды жаралады
- ҚР СІМ серіктес елдерді КҚК-дағы танкерлерге жасалған шабуылдарды айыптауға шақырды
- 15 минуттық жаңбыр Астананы Венецияға айналдырды
- Прокурор Нұрай Серікбайға 35 рет пышақ салынғанын мәлімдеді
- 73 пайызы ауыр: Біздің шенеуніктер қандай қылмысқа құмар?
- Ақтөбеде жүргізушіге ескерту жасаған ер адамды ұрлап кеткен
- Бауыры екі жерден жарылған, қабырғалары сынған: Жігітінің қолынан қаза тапқан қыздың туыстары сұмдық оқиғаны айтып берді
- Яссауи іліміне қатысты XVII ғасырдың сирек қолжазбасы табылды
- Түркістанда ҰҚТ ауадан ақша жасап, жоқ фермаға мемлекеттен үш млрд несие алған
- Бас прокуратура сайлауалды үгіт ережелерін бұзғандарға айыппұл салынатынын ескертті