«Қазақмыс» шахтасында екі жұмысшы қаза тапты
Фото: Pexels
«Қазақмыс» шахтасында қайғылы оқиға болып, екі адам қаза тапты, деп хабарлайды Orda.kz.
«Патриот» басылымының мәліметі бойынша, тағы бір жұмысшы газ иісінен уланып қалған.
«Екі шахтер қайтыс болғаннан кейін «Қазақмыс» корпорациясының «Саяқ-3» шахтасында ҚР Қылмыстық кодексінің «Таукен, құрылыс немесе басқа да жұмыстарды жүргізу кезінде қауіпсіздік ережелерін бұзу, адамның абайсызда қаза табуына немесе өзге де ауыр зардаптарға әкелу» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды».
Зардап шеккен шахтер ауруханаға жеткізілді. Дәрігерлер басылымға жұмысшының жағдайы туралы пікір білдірді:
«Алдын ала диагноз — газ иісінен қатты улану болып отыр. Улану бойынша жағдайы бір қалыпты».
«Патриот» «Қазақмыс» компаниясының қаза тапқан қызметкерлері Дулат Игембаев (1990 жылы туған) пен Мадияр Тұрысбаев (2001 жылы туған) екенін хабарлады.
Қарағанды облысының мемлекеттік еңбек инспекциясы департаменті бұл қайғылы оқиға топтық жазатайым жағдай ретінде бағаланғаны атап өтті.
Жаңалықтар
- Роналду «Әл-Наср» сапында жеңіс голын соғып, 1000 голдық тарихи межеге жақындай түсті
- Якутияда қарттарды бопсалап ақша алып жүрген Қазақстан азаматы ұсталды
- Семей полигонының жабылғанына 35 жыл: Қасіреттен қарусыздануға дейін
- Талғарда ер адам жеті жасар қызды бұтаның арасына қарай сүйреді деген күдікке ілінді
- Өмір бойына бас бостандығынан айырылған Аймахан Шерханның адвокаттары апелляциялық шағым түсірді
- БАӘ-де қаза болған екі қыздың денесі Дубайдан елге жөнелтілді
- Бақытжан Базарбек өзі қағып кеткен адамға қатысты жаңа мәлімет берді
- «Бұндайларға рақым жоқ»: Садыр Жапаров «халық жауларын» жазалауға шақырды
- Түркістанның 100 тонна еті Алматыда 20 пайыз жеңілдікпен сатылады
- Непал мен Қытай шекарасындағы апат аймағында үш қазақстандық іздестіріліп жатыр
- Тоқаев Ядролық сынақтарға қарсы күрес күні қазақстандықтарға үндеу жасады
- Трамп Венесуэламен «тарихи» мұнай келісімін жариялап, бензин бағасы түсетінін айтты
- 1 қыркүйекте мұғалімдерге гүл сыйлауға бола ма? Оқу-ағарту министрлігі жауап берді
- Әділет Жауғашар «Сүй иә» әнінің сөзін өзгертті
- «13 млн теңге несие ал!» Алаяқтардың айтқанын орындап, полицияға да, ұлына да сенбеген
- Байзақ ауданында полиция басшысының экс-орынбасары пара алған
- Құрылтайда сегіз тұрақты комитет құрылып, төрағалары сайланды
- Құрылтай төрағасының орынбасарлары сайланды
- Құрылтай төрағасы болып Айбек Дәдебай сайланды
- Алматыда ұшақ өртенді