Қазақгейт-2 болмайды: Трамп АҚШ компанияларына қазақ шенеуніктеріне пара беруге рұқсат берді
Фото: DALL-E жасанды интелекті
АҚШ президенті Дональд Трамп америкалық компаниялар мен кәсіпкерлердің шетелдік шенеуніктерге пара беруін қудалауды тоқтатуды талап ететін жарлыққа қол қойды. Бұрын бұл әрекетке FCPA заңы тыйым салатын. Енді әділет министрлігі бұл заңды қайта қарауы керек, осылайша америкалықтар шетелде тиімді келісімшарттарға қол жеткізе алады, деп хабарлайды Orda.kz.
The Guardian басылымының мәліметінше, жарлыққа сәйкес АҚШ бас прокуроры Пэм Бонди шетелдегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы заң (Foreign Corrupt Practices Act, FCPA) аясындағы тергеулер мен сот ісін тоқтатуы керек. Бұл заң 1977 жылдан бері қолданыста.
«FCPA бойынша болашақ тергеулер мен оны орындау шаралары жаңа нұсқауларға сәйкес реттеледі және оны бас прокурор мақұлдауы тиіс» деп жазылған жарлықта.
Ақ үйдің хабарлауынша, FCPA заңы америкалық компанияларды шетелдік бәсекелестермен салыстырғанда әлсіз жағдайға қояды, өйткені ол оларды шетелде тиімді келісімдер жасаудан шектейді.
«АҚШ-тың ұлттық қауіпсіздігі Америка мен оның компанияларының бүкіл әлемде стратегиялық коммерциялық артықшылықтар алу мүмкіндігіне байланысты. Президент Трамп FCPA-ның шамадан тыс және болжанбайтын қолданылуын тоқтатады, өйткені бұл америкалық компаниялардың бәсекеге қабілеттілігін төмендетеді», – деп мәлімдеді Ақ үй.
Transparency International халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы ұйымы президенттің жаңа жарлығына дереу жауап беріп, мұндай шешімнің АҚШ-тың жаһандық сыбайлас жемқорлықпен күресудегі басты құралын жойып отырғанын мәлімдеді.
2024 жылы әділет министрлігі мен бағалы қағаздар және биржалар жөніндегі комиссия FCPA-ға байланысты 26 істі қозғады, ал жылдың соңына қарай кемінде 31 компания тергеу нысанына айналды.
Бұл шешім Қазақстанға қалай әсер ететіні де қызық. Өйткені дәл осындай істер кезінде, «Қазақгейт» ісі (Kazakhgate) сияқты жанжал тудырған еді. Мүмкін, енді осындай схемаларға жол ашылып, жаңа даулы істерге негіз қалануы мүмкін.
FCPA Қазақстанға қалай әсер етеді?
АҚШ-тың FCPA заңы Қазақстанда жұмыс істейтін компанияларға бірнеше рет қолданылған. Сыбайлас жемқорлық жанжалдары жоғары лауазымды шенеуніктерді де айналып өтпеген.
«Қазақгейт» ісі (Kazakhgate) – ең атышулы жанжалдардың бірі. Америкалық кәсіпкер Джеймс Гиффен қазақстандық шенеуніктерге мұнай келісімшарттарына қол жеткізу үшін пара бергені үшін айыпталған. Тергеудің қақ ортасында Нұрсұлтан Назарбаев болды, оған офшорлар арқылы ірі қаражат аударылып, америкалық инвесторларға тиімді шарттар жасалғандығы мәлім болды. Назарбаев ресми айыптардан құтылғанымен, бұл жанжал АҚШ бизнесінің Қазақстан билігінің жоғары эшелондарымен тығыз байланысты екенін көрсетті.
2018 жылы француздың Sanofi фармацевтикалық корпорациясы Қазақстан мен Таяу Шығыс елдеріндегі шенеуніктерге пара бергені үшін 25 миллион доллар айыппұл төлеуге келісті. Компания тендерлерді жеңіп, сатылымын арттыру үшін сапаға емес, байланыстарға сүйенген.
2007 жылы FCPA Техастың Baker Hughes мұнай-сервистік алпауытына соққы жасады. Компания Қазақстандағы кен орындарына қол жеткізу үшін пара берген. Бұл іс АҚШ әділет министрлігінің ең ауқымды тергеулерінің бірі болды. Антикоррупциялық заңнаманы бұзғаны үшін Baker Hughes 44 миллион доллар айыппұл төледі.
2018 жылы Goldman Sachs инвестициялық банкі де FCPA заңына байланысты тергеуге ілінді. Ол Малайзия шенеуніктеріне пара беру ісімен байланысты болды. Ал 2009 жылы Малайзия экономикасын дамыту үшін 1MDB қоры құрылды. Goldman Sachs бұл қорға 6,5 миллиард долларлық облигация шығаруға көмектесті. Алайда кейінірек қаражаттың басым бөлігі ұрланғаны анықталды, ал банк келісімшарт үшін малайзиялық шенеуніктерге пара берген.
Қазақстанда Goldman Sachs-тың жемқорлық жанжалдары айтылған жоқ. Бірақ, бір қызығы банк Astana International Exchange (AIX) акционерлерінің тізіміне енген. Бұл биржа Нұрсұлтан Назарбаевтың жарлығымен құрылған Астана халықаралық қаржы орталығы ашылған күні іске қосылды.
Депутат Ермұрат Бәпи Қазақстанның экс-президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Владимир Путиннің жуырдағы кездесуін АҚШ-тағы ықтимал қылмыстық ісімен байланыстырды.
«Менің ақпаратым бойынша, АҚШ-та «Қазақгейт» деп аталатын жаңа ауқымды жанжал пісіп-жетілуде. АҚШ әділет министрлігі әлемдік клептократтарға қатысты жаңа қылмыстық істі дайындап жатыр. Бұрын олар АҚШ азаматтарының, компанияларының, сақтандыру ұйымдарының және басқа да субъектілердің, соның ішінде сарапшылар қызметін пайдаланған. Егер осы клептократтар АҚШ субъектілері қызметін қолданған болса, оларға қарсы қылмыстық іс қозғалады. Менде осындай инсайдерлік ақпарат бар» , – деді Бәпи.
Сонымен қатар, Бәпи бұрынғы президенттердің денсаулығы мен жеке өміріне қатысты мәліметтерді құпиялау туралы түзетулер енгізу алдағы дауға дайындықтың бір бөлігі болуы мүмкін екенін атап өтті.
Трамп жарлығынан кейін не өзгереді?
Қазақстанда көптеген америкалық компаниялар, әсіресе мұнай-газ саласында (Chevron, ExxonMobil және т.б.), қаржы, құрылыс және IT секторларында жұмыс істейді. Егер АҚШ FCPA заңын сирек қолдана бастаса, бұл теориялық тұрғыдан сыбайлас жемқорлық келісімдерінің көбеюіне әкелуі мүмкін.
Яғни, бұрын FCPA заңына сәйкес, америкалық компанияларға қазақстандық шенеуніктерге тиімді келісімшарттар, лицензиялар немесе рұқсат алу үшін пара беруге тыйым салынса, Трамптың жаңа жарлығы бұл жағдайды өзгертіп отыр.
Жаңалықтар
- Қырғызстанда Тәшиевтің ұлы полицияға жеткізілді
- Пәкістан премьер-министрі: Референдум мемлекеттік басқару жүйесі үшін маңызды
- Парамен сотталған Хаменованың түрме жазасы бостандығын шектеуге ауыстырылды
- БҚО-да кәмелетке толмаған қызды зорлады деген күдікке ілінген шенеунік қайтыс болды
- Айт намазының кестесі 2026: Ораза айт намазы әр өңірде қай уақытта оқылады?
- Иранның Ұлттық қауіпсіздік жоғары кеңесінің хатшысы қаза тапты
- Көктемгі әскерге шақыру басталды: 21 мыңнан астам азамат сарбаз атануға міндетті
- Нұрлан Сабуровтың әйелі Ресейдегі бизнесін жапты
- Тоқаев: «Тағдыршешті сәтке куә болдық»
- Тоқаев жаңа Конституцияны іске асыруға қатысты Жарлыққа қол қойды
- Қазақстанда тек шетелдіктерге арналған жаңа казинолар ашылады
- Несие алу қиындайды:Ұлттық банк қосымша шектеулер енгізеді
- Шоқан Уәлиханов атындағы жеке мектеп «Домбыра – дастан» атты ауқымды онлайн концерт ұйымдастырды
- 36 күдікті ұстау изоляторында: Сталкинг бойынша сотқа 51 іс жолданды
- Кубадағы толық блэкаут: Энергетикалық дағдарыс, Трамп қысымы және көшедегі наразылық
- Рахат Тұрлыханов қылмыстық жазаға тартылуы мүмкін
- Ауғанстан–Пәкістан соғысы: Кабулдағы ауруханаға соққы жасалды — 400 адам қаза тапты, тағы 250 жарақат алды
- Есірткі өндіруді әкесі үйреткен: Ақмола облысында әкесі мен баласы есірткі зертханасын ашқан
- Қаражатын инвестициялауға үгіттеген: Желі арқылы жұртты алдаған алаяқ Ресейден экстрадицияланды
- Референдум қорытындысы: 87,15% қазақстандық жаңа Конституцияны қолдады