«Қазақфильм» жер сату, киножобалардың қаржыландырылуы туралы таралып жатқан ақпаратқа қатысты мәлімдеме жасады
Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясы әлеуметтік желідегі парақшасында БАҚ беттеріндегі таралып жатқан жарияланымдарға байланысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Orda.kz.
Олар «Қазақфильм» жері мен ғимараттарын сату туралы ақпараттың шындықтан алшық екенін айтты.
«Рысқұлов даңғылы, 101Б» мекенжайындағы жер телімі бұрынғы «Қазкинопрокат» ғимараты кешенімен бірге киностудия меншігінде қалады және сатылмайды», деп сендірді компания.
Киностудия бұл аумақта құлауы мүмкін, қауіпті ғимарат анықталғанын түсіндірді. Нысанда болуы мүмкін оқыс оқиғалардың деңгейін бағалау үшін Алматы әкімдігі өкілдері кешенді сараптама жүргізуге шақырылыпты.
«Мамандардың қорытындысы шыққаннан кейін ғимаратты қауіпсіз пайдалану бойынша әрі қарай шешім қабылданатын болады. Жер телімі мен ғимарат кешенінің сатылғаны туралы барлық ақпарат жалған. Осындай жалған деректер одан әрі таратыла берсе, сотқа жүгіну құқығын пайдаланамыз», деп хабарлады «Қазақфильм».
Киностудия аумаққа кіру бақылауының күшейтілгені туралы хабарламаларға да түсініктеме берді.
«Күшейтілген қауіпсіздік шаралары студияда болған өрт пен қызметкерлерге шабуыл сияқты оқиғаларға қатысты енгізілді және бұл студияда жұмыс істейтіндердің қауіпсіздігін қорғауға арналған» делінген хабарламада.
Сондай-ақ, «Қазақфильм» киножобаларын қаржыландыру жағдайын да түсіндірді.
«2023 жылы Ұлттық кинематографияны қолдау мемлекеттік орталығы 18 жоба шығаруға келісім-шартқа отырды, оның ішінде 10 жоба 70 пайыздан астам қаржы алды, оның ішінде екі жоба 100 пайыз қаржыландырылды. Қалған сегіз жобаға 50%-дан аз қаржы бөлінсе, олардың бірқатары бойынша аралық төлемдер жасалды.
Кейбір жобаларды қаржыландырудың кешігуі Қазынашылық комитетінің қаражатты кеш беруіне байланысты екен.
«Кейбір кешігулер орындалған жұмыстар туралы есептердің уақтылы берілмеуіне қатысты, бұл келесі транштарды алудың қажетті талабы екені баршаға аян», деп түсіндірді кинокомпания.
«Қазақфильм» киностудиясы жалған ақпарат таратқандар жауапкершілікке тартылатынын қатаң түрде еске салды.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық