Қазақ жігіті Бесжан Төлеубекұлы Қырғызстандағы 5130 метрлік Юхина шыңына көтерілді
Фото: Instagram / Бесжан Төлеубекұлы
Бүгін қазақстандық альпинизмге әуесқой Бесжан Төлеубекұлы Қырғызстандағы Юхина шыңына шығып, 5130 метрді бағындырды. Шың басында ол Қазақстанның көк байрағын желбіретті, деп хабарлайды Orda.kz.
Юхина шыңы – Памир-Алай тау жотасының бөлігі, әлемге әйгілі Ленин шыңының маңында орналасқан. Бұл биік – Орталық Азияның асқар тауларына беттеген альпинистер үшін маңызды дайындық белесі саналады. Бесжан Төлеубекұлы кәсіби альпинист емес. Қазақстандағы шыңдарды бағындырып жүргеніне 1 жыл болған.
«Бұған дейін біздің шыққан ең биік шыңымыз 4376 метр Алматы шыңы болды. Осы тамыз айының басында 4317 метрге 2 мәрте шықтым. Ол Қаныш Сәтбаев шыңы еді. Басқа да 4000 болатын шыңдарға шығып жүрдім», – деді Бесжан Orda.kz тілшісіне.
Енді Қырғызстандағы 5130 метрді бағындырған Төлеубекұлы әлі де шыңдарға шыға беретінін айтты.
«Кейбір адамдар күрделенген мәселесі шешімін таппай, көңіл-күйі болмағандықтан тауға шығып жатады. Менде осының үшінші жолы шығар бәлкім. Еліміздегі азаматтық қоғамның ақсап тұрғаны, мемлекетіміздің жүргізіп жатқан саясатының солақайлылығы, көп дүние көңіліме жақпай, өзімді соны өзгертуге шарасыз, қауқарсыз сезініп, көңілім бір құлазып қалған уақыттар болды. Сол кезде бір жағынан өзіміздің Тәуелсіздік алған кездегі көк байрағымызды әлемге танытып желбіреткен желаяқ Бейбарыс пен ультра марафоншы, әлем бойынша аңыз адам Марат Жыланбаевты жала жауып, өзінің саяси көзқарасы үшін, 2023 жылы парламент сайлауында үміткер болып тіркеліп, ақырындап халықтың лидері бола бастаған соң о кісіне жала жауып 7 жылға қамады. Осы оқиға менің жаныма қатты батып, тауларға шыққанда ол кісінің суреттерін алып шығып, тауда жүрген спортшы, марафоншылардан мына кісіні танисыздар ма деп сұрайтынмын», — деді Бесжан.
Осылай тауға шығып кеткенін айтқан Бесжан Төлеубекұлы әдетінің түзелгенін, шыңға шығудың энергиясын көбейтіп, денсаулығын жақсартқанын айтты. Ол Алматы тауларында із-түссіз жоғалып кететіндердің бар екенін айтып, мемлекеттің осы тауға шығудағы қауіпсіздікке мән бәріп, альпинизмді қолдағанын қалайтынын айтты.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық