Қазақ тілін дәріптеп жүрген неміс қызын кім қорқытты?
Коллаж: Оrda.kz
«Alash» клубының негізін қалаушы, қазақ тілінің жанашыры, 7 жылдан бері тіл үйретумен айналысып келген Алина Кан өзін жуырда біреулер қорқытып, үстінен полицияға арыз жазбақ болғанын мәлімдеді.
Orda.kz тілшісі Алина Канға хабарласып, сұхбаттасты.
Қазақ тілін не себепті дәріптеп жүрсіз?
Мен қазақ тілін жақсы көремін. Бала кезімнен қазақ тілі пәнінің мұғалімі болғым келді. Ұстаздық ету – мен үшін хобби! Солай хоббиім қазір айналысып жүрген мамандығыма айналды. Неге дәп қазақ тілі дейсіз бе? Бала кезімнен орыс тілінде оқыдым. Сондықтан бұл жолым оңай болды деуге келмейді. Сырттай қарағанда оңай көрінуі мүмкін. Бірақ үйрендім. Мен қазақ тілін жетік әрі тез үйренудің жолдарын білемін. Сол тәжірибемді көрсетуге деген құштарлығым мені осы салаға құлшындырды.
Қазақ тілін үйретуде қандай қиындықтар болды?
Қиындық кез келген салада бар. Менің салам да одан ада емес. Кейбір оқушылар тез әрі оңай үйренеді. Бірақ оқытуды іліп алып кете алмайтындар да бар. Мен барынша оңай тәсілдермен түсіндіремін. Бірақ көп адам оңай үйреніп кете алмайды. Сондықтан кейде оқыту ұзаққа созылып жатады.
Оқушылар тарапынан сын естіген емеспін. Көбіне желідегі жазылушылар айтып жатады.
Сізді ұлтараздық тудырушы деп айыптағанда қандай күй кештіңіз? Сіздің үстіңізден арыз жазамыз деп қорқытқандар арызын жазды ма?
Әрине, мұндайда жақсы күй кештім деп айта алмаймын. Көбі видеоларымның түпкі ойын түсініп жатады. Дегенмен бәрін керісінше түсініп, ұқпайтындар да бар. Олар мені қазақ тілінде сөйлемейтіндерді шеттетіп жатыр деп ойлайды.
Жуырда біреу маған қоқан лоққы көрсетті, полицияға арыз жазбақ болды. Көбіне мен мұндай жағдайларға мән бермей жүре беретінмін. Бірақ дәл осы қорқытуға көз жұмып қарай алмадым.
Жастар арасында қазақ тілін көтеру үшін не істеу қажет деп ойлайсыз?
Қазір бәрі трендтерді тикток пен инстаграмнан алады. Медиада аты шыққан адамдар, аудиториясы көп жұлдыздар қазақ тілі туралы жаңа, қызық нәрселерді жарыққа шығарса, процесс жылдам жүрер еді. Қазір бәрі трендт қуады. Мен өзім қазақ тілін үйренгісі келетін, бірақ қиналып жүргендерге бір пайдам тисе деймін. Оқушылардың көбі орыстілді болғаны жанға батады. Көптеген ата-аналар мектептегі қазақ тілі бағдарламасы түсініксіз деп шағымданып жатады. Бұны бір деңіз. Екіншіден, қазақ тілі мұғалімдері балалардың үйренуге деген құлшынысын оята білмейді. Бір өкініштісі — осы болып тұр.
Менің бейнежазбамда қазақ тілін білу — міндетті деген емес, қазақ тілін білу — қазақ халқына деген құрмет болады деген ой жатыр. Алайда, хейтерлер бұл сөзді бұрмалап, «егер біз тілді білмесек, қазақ халқын сыйламайды деген сөз бе? Неге сіз бұлай дейсіз, бұл дау тудырады» деген пікірлер жазады. Бір қызығы, мені қазақтардың бәрі қолдады және ешқандай дау болмады. Қарсы шыққандар – бір ауыз қазақша білмейтін адамдар. Шынымды айтсам, «жасымыз үлкен», «тіл үйрену қиын» деген сылтауларды түсінбеймін. Шын мәнінде кез келген елде мемлекеттік тілді білмесең, жұмысқа алмайды. Мысалы, Ресейде немесе басқа ТМД елдерінде солай. Еуропада бұл талап одан да қатаң қойылған.
Ал Қазақстанда ешкім ешкімді бөліп-жармайды. Бәрі бірлікте күн кешіп келеді және өздеріне оңай тілде сөйлейді. Алайда әйтеу бәрібір риза болмайтын адамдар шығып жатады ғой.
Менің ойымша, Қазақстанда тұрып жатқанымызды ұмытпауымыз керек!
Сұхбатыңызға рахмет!
Жаңалықтар
- Нұрай Серікбайдың өлімі: Прокурор күдіктіге өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасын сұрады
- Иранның қастандық жасау қаупіне байланысты Трамп ұшағын ауыстыруға мәжбүр болды
- Бір серіктестіктің алты бірдей жұмысшысы құдыққа түсіп қаза тапқан: Полиция үш адамды ұстады
- Бала ауыр халде: Футбол алаңында төтенше жағдай болды
- Сирияның бұрынғы президенті Башар Асад сырттай өлім жазасына кесілді
- Алматыда күйеуін өлтірген әйел сотта ақталды
- Прокуратура талабымен: Атырау облысында полицейлерді соққыға жығып, бостандықта жүргендер сотталды
- Аичи-Нагоя-2026: Азия ойындарының медальдары таныстырылды
- Қытайлық ғарыш миссиясы сәтсіз аяқталды: Зымыран тасығыш 90 секундта жарылып кетті
- Медициналық сақтандыру қорынан 3,5 млрд теңгеден астам қаржы ұрланған
- Ақсайда түнгі клубта жаға жыртысқандар жазаланды
- «Крыша боламын» деп 30 млн теңге талап еткен ММА жаттықтырушысы ұсталды
- Парсы шығанағында тұрып қалған кемелер әлемді экологиялық апатқа ұшырата ма?
- Бесағашта мас ер адам көшеде қыздарға бейәдеп ұсыныс жасаған
- Астанада полиция қызметкері кәмпитке қақалған баланың өмірін құтқарды
- Елден жаппай ақша алып қашып жатқандар кім? ҰҚК мәлімдеме жасады
- Қазақстандықтар үй сатып алуды азайтты ма? Тұрғын үй нарығында жаңа өзгеріс байқалды
- Өз тойына келе алмаған жұптың тойы экран арқылы өтті
- Үйлену тойында пышақтап өлтірген: Ақтөбе облысындағы сұмдық жайт
- Қазақстанда жол ережесін бұзатындарға тұзақ көбейді: Дрон, камера және лазер іске қосылды