Қазақ тілі – кедейлердің, арба сүйрегендердің тілі: Мәжіліс депутаты Самат Нұртазаның басы дауға қалды
Фото: Әлеуметтік парақшадан
Мәжіліс депутаты Самат Нұртаза қазақ тілі – сіңірі шыққан кедейлер мен арба сүйреушілердің, даяшылардың тілі деген пікір жазып, елді шулатты, деп хабарлайды Orda.kz.
Ол мұндай пікірін Facebook желісінде тіл тағдыры жайлы жазба шығарған адамның постына жеке ой ретінде қалдырған. Бірақ осы шудан кейін өшіріп тастап, артынша ақталып, не себепті бұлай жазғанын айтыпты.
Осы шудан кейін депутат парақшасында бұны ашумен жазғанын айтып ақталды.
«Соңғы күндері әлеуметтік желіде талқыланып жатқан "коммент-пікіріме" байланысты түсіндірме берейін. Бұл 2019-2020 жылдары тіл төңірегіндегі дискуссияда жазған комментарий болатын.
Ол тұста белсенді блогер ретінде, тіл мәселесіндегі диспутқа араластым. Негізгі ойым – осы пікір арқылы тілге, тәртіпке, Заңға деген құрметті күшейту үшін, керісінше мағынада жазылған ой болған. Яки, шүйліккеннен, эмоцияға берілгеннен ашынған ойым еді», - деді депутат.
Нұртазаның айтуынша барлығы ашу - ызамен болған екен.
«Егер бұл комментарийлерім біреудің ар-ожданына тиіп кеткен болса, ресми кешірім сұраймын.
Мақсат ортақ – мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру! Заң мен Тәртіпке бағынып, барлық азаматтардың Заң алдында құқығы бірдей болғаны» деп қорытты депутат.
Постың астына халық түрлі пікір қалдырған біреулер депутаттың өзі бұлай десе, басқа кім не айтпайды деп Бас прокуратураға арыз түсіргенін жазып жатыр. Желі қолданушылары «Бас проокуратураға арыз кетті», «Бұл жұмысынан кетіп, жазаланбаса, мен қоя салдым», «Дұрыс жазу керек, өз ана тілін құрметтемеген адам мәңгүрт адам. Қалай депутат болып жүргені үлкен сұрақ», «Біздің салығымыздан жалақы алатын адам осылай жазса, басқалары не жазбайды?», «Қазақтарға не болған, өз тілінен жеріп» деген сарында пікірлерін жарыса жазды.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық