«Қазақ суретшісін халықаралық деңгейде ұлықтау»: Өзбекстанда көрме өтіп жатыр
Фото: Шаттық Батан
Қазақтың ұлы суретшісі Орал Таңсықбаевтың 120 жылдығына орай Қазақстан, Ресей, Қырғызстан суретшілері жиылып симпозиум өткізіп жатыр. 4 елді дүркіретіп жатқан сурет симпозиумының қазір Өзбекстанда көрмесі өтіп жатыр. Көрме қазақтың атақты суретшісі Орал Таңсықбаевтың рухына арналып отыр.
Orda.kz тілшісі Қазақстанның атынан қатысқан суретшілердің бірі Шаттық Батанға хабарласып, көрме жайлы сұрастырды.
Көрме әуелі Қырғызстан елінде Ыстықкөлде өткен екен.
Кейін Қазақстанда Меркі жайлауында өтті.
Артынша осы 9 қазан күні Өзбекстан елінде көрменің ашылуы болды.

Қазір Өзбекстанда Орал Таңсықбаев атамыздың 120 жылдығына арналған көрме өтіп жатыр. Көрмеге Қырғызстан халық суретшісі, Қырғызстан көркемөнер академиясының академигі Суйутбек Торобеков,
Қырғызстан, өнер қайраткері Османалиев Сапарбай, Өзбекстан халық суретшісі, Өзбекстан көркемөнер академиясының академигі Сабыр Рахметов, Өзбекстан халық суретшісі, Өзбекстан көркемөнер академиясының академигі Файзулла Ахмадалиев, өнер қайраткері, ӨР СО мүшесі Зоир Мелеев, өнер қайраткері, ӨР СО мүшесі Нартайлақ Диёров, өнер қайраткері, РФ СО мүшесі Геймран Баймұханов, Қазақстанға еңбек сіңірген қайраткер, ҚР СО мүшесі Жұмақын Қайранбаев, өнер қайраткері, ҚР СО мүшесі Ғани Баянов, өнер қайраткері, ҚР СО мүшесі Араншы Шаржанов, өнер қайраткері, ҚР СО мүшесі Жамбыл Нәтбаев және өнер қайраткері, ҚР СО мүшесі Шаттық Батан қатысты.
Көрмеде осы қылқалам шеберлерінің суреттері қойылды.
«Орал Таңсықбаев атамыз КСРО халық суретшісі. Ұлы суретші. Сол кісінің рухына арналып, биыл 120 жылдығына үшінші рет көрме өткізіп отырмыз. Демеуші болған «Ар мен тек» қорына, белгілі кәсіпкер Болатбек Дәлелханұлына алғысымыз шексіз», — деді суретші Шаттық Батан.

Өзбекстан суретшілер академиясымен бірлесе ұйымдасып өткізілген іс шараға Орал Таңсықбаев атындағы қоғамдық қор, «Ар мен тек» қоғамдық қоры және Өзбекстан суретшілер академиясы бірлесіп көрмені өз деңгейінде өткізу үшін демеуші болды.
Шаттық Батанның айтуынша бұл көрмеге Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстар, Ресей суретшілері қатысып отыр.

«Орал Таңсықбаев атамызға құран бағыштап, Ташкент қаласындағы сол кісінің дом-музейіне барып, басына құран оқыдық. Бұқарада 5 күн болдық. Самарқанда 3 күн болдық. Өзбекстан академиясының атсалысуымен Ташкентте көрмемізді жоғары деңгейде өткіздік. Көрменің ашылуы 9 қазан күні болды. Көрме Ташкент қаласында әлі өтіп жатыр», — деді Шаттық Батан.

Ол алдағы уақытта Алматыда осы елдердің суретшілерінің суреттерін біріктіріп, көрме өткізуді жоспарлап отырғанын айтты.
«Алдағы жоспарымыз осы симпозиумның суретшілерінің суреттерін біріктіріп Алматы қаласында көрме ұйымдастырғалы отырмыз. Каталог дайындап жатырмыз. Желтоқсанның алғашқы жартысында үлкен көрме өткіземіз», — деді Шаттық Батан.

Орал Таңсықбаев — реалистік кескіндеменің негізін қалаған тұңғыш кәсіби суретші. Өзі Өзбекстанда жүріп, сол жақтың көркем табиғатын ерекше бейнелеген. Классикалық суретші 1973 жылы Өзбек КСР-інің мемлекеттік сыйлығының лауреаты атанды. Қазіргі таңда Қазақстандағы көркем сурет мұражайында оның бірнеше суреті бар.
«Суреттер сөйлесін»
Назарларыңызға сол көрмеде қойылған суреттердің біразын ұсынамыз.
























Жаңалықтар
- АҚШ Сириядан өз әскерін толық шығарды
- Ақтөбе облысында 2 апта бұрын жоғалған 10 жастағы баланың денесі табылды
- Алматыда екі автобус соқтығысты, жарақат алғандар бар
- Әділет Алмат Азия чемпионы атанып, 4 жыл үзілістен кейін елге дзюдодан алтын әкелді
- Ливан Израиль бітімді бұзғанын мәлімдеді
- Аида Балаева: Грант алу үшін ҰБТ-ны екінші рет тапсыру мүмкіндігі болмайды
- Бірден 22 жол апаты: Қазақстандықтар жүргізуші куәлігін алу емтиханын қалай тапсырып жүр?
- Тоқаев дипломатиялық форумға қатысу үшін Анталиядағы NEST конгресс орталығына келді
- Кәсіпкерді сан соқтырған: 10 жылдан аса іздеуде жүрген ер адам Германиядан экстрадицияланды
- Сұлулық жауһары: Шолпының қандай түрлері бар?
- Бішкекте жалаңаш ер адам балаларды қуалаған
- Алматы облысында алаяқтың арбауына түскен әйел көмектеспек болған полицейлерден қашты
- Атырауда зираттан қару мен оқ-дәрілер табылды
- Құлжа күре жолында бірден бес көлік соқтығысты
- Индонезияда тікұшақ апаты: Борттағы барлық адам опат болды
- Семейде қосымша нәпақа табам деп жұмыс істеп жүрген студент қолынан айырылды
- Қарағанды облысында жол апатынан екі мотоцикл жүргізушісі қаза тапты
- Алматыда қар көшкіні мен тас құлау қаупі: ТЖД ескерту жасады
- Шымкентте 1,7 млрд теңгенің негізсіз бюджет шығындары анықталды
- Таяу Шығыстағы шиеленіс: Қазақстан Иранмен бірлескен жобаларын уақытша тоқтатты