«Қазақ оқушысы NASA-да»: Сымбат Барсағазы Марсқа бару миссиясын талқылады
Фото: instagram.com / nis_pm_almaty
Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушысы Сымбат Барсағазы жуырда АҚШ-тың Хьюстон қаласында орналасқан NASA-ның беделді United Space School бағдарламасы аясында тағылымдамадан өтті.
Бұл туралы оқу орны өзінің instagram парақшасында жариялады.
Екі апта бойы ол Марсқа адам қондыру миссиясы жобасын әзірлеп, ғарыш орталықтарына барып, өз идеяларын жетекші ғарышкерлер мен инженерлермен бірлесе отырып талқылады.
Сондай-ақ, Сымбат NASA-ның ардагер маманы Том Санзонмен кездесті. Санзон аэрокосмостық ғылымдарға 50 жылдан астам уақытын арнаған және Нил Армстронгты Айға ұшу миссиясына дайындаған ғалым. Сымбаттың айтуынша, мұндай командада жұмыс істеу тәжірибесі оны биоинженерия саласын зерттеуге құлшындырды. Әсіресе, ол Марстағы ғарышкерлердің өмір сүруін жақсарту мақсатында оттегіні өңдеудің жаңа технологияларын зерттеуді жоспарлап отыр.
«Бұл тағылымдама менің ғарыш биологиясы мен физикасы саласындағы білімімді кеңейтіп қана қоймай, сондай-ақ аз уақытта бейтаныс адамдармен ірі жобаларда жұмыс істеуді үйретті», – дейді Сымбат.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық