Қазақ-қырғыз шекарасында атыс болды ма?
Фото: pixabay
Жамбыл облысында шекарадан заңсыз өтпек болған Қазақстан және Тәжікстан азаматтары қамауға алынды, деп хабарлайды Orda.kz.
Әлеуметтік желіде «Жамбыл облысында шекарашылар бірнеше мемлекеттік шекара бұзушыға оқ атты» деген ақпарат тарады. Алайда ҰҚК Шекара қызметі оқиғаға қатысты мұндай мәліметтің шындыққа жанаспайтынын хабарлады.
10 қыркүйек түнгі сағат 03:30 шамасында Жамбыл облысы Меркі ауданына қарасты Кеңес ауылы маңында «Меркі» шекара қызметінің әскери қызметкерлері мемлекеттік шекараны заңсыз кесіп өтпек болған үш азаматты ұстады.
Ұсталғандар екеуі Қазақстан азаматы, біреуі Тәжікстан азаматы. Қазақстандықтар денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтірді деген күдікпен іздеуде жүрген.
«Әлеуметтік желілерде белгісіз дереккөздерге сілтеме жасай отырып, Жамбыл облысындағы шекарада оқ атылғаны жөнінде ақпарат тарауда. Алайда бұл мәліметтер шындыққа сәйкес келмейді», деп мәлімдеді ҰҚК Шекара қызметі.
Үшеуі де шекара бұзған сәтте қолға түсіп, тиісті органдарға тапсырылды.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық