Қазақ футболының деңгейі: Астана – Челси ойыны
Коллаж: Orda.kz
Алматы қаласында елордалық клуб Астана мен ағылшындық Челси арасында матч өтті. Қазақстандықтар асыға күткен бұл ойын – Алматының Орталық стадионында болады. Orda.kz тілшілері бұл матчқа барып, ойынның қалай өткені жайлы жазбақ.
Бүгін Алматы қаласында -10 градусты көрсетіп тұр және келген қонақтардың баспасөз қызметінің сөздерінше қала өте суық.

Бүгінгі қарымта матчқа шет елдерден де Челси жанкүйерлері келді.

Астана футбол клубының құрамы: Сейсен, Бартолец, Калаица, Казуколовас, Вороговский, Эбонг, Чинеду, Томасов, Марочкин, Камара, Аманович;

Челси футбол клубының құрамы: Йоргенсен, Дизази, Адарабиойо, Педру Нету, Чуквуэмека, Дьюсбери-Холл, Джордж, Ачеампонг, Гию, Ренату Вейга, Рак-Сакьи.

Ойын барысы қалай болды?
Ойынның 4-минутында Астана қақпасына қауіпті шабуыл жасалды. Дәлірек айтқанда, 7-нөмірлі Нето (Челси) жерлетіп тұрып қапталдан тепкен еді, алайда қақпашы Сейсен (Астана) допты қағып алды алайда 14-минутта есеп ашылды. 34-нөмірлі Мару Гуи (Челси) оң жақ қапталдан өтіп, Астана қақпасына гол соқты.

Ойынның 18-минутында Гуидің (Челси) қауіпті соққысы Астана қорғаушысы Марочкинге тиіп, есеп 2:0 болды.

Ойынның 27-минутында Алекса Аманович (Астана) тәртіп бұзғаны үшін сары қағаз алса, 35-минутында Астананың шабуылшысы Чинеду сол қапталдан соққы жасағанымен, қақпашы допты қағып алды.
37-минутта Ачемпонг (Челси) шабуыл жасап еді, қорғаушылар жылдам қорғанысқа қайтып, қауіптің бетін қайтарды. Алайда 39-минутта Челси ойыншылары бұрыштама орындап, 40-нөмірлі Ренато Вайга (Челси) гол соқты, есеп айырмасы 3:0.

Матчтың 44-минутында Марин Томасов (Астана) алыстан соққы жасап, есеп айырмасын қысқартты.

Үзіліс кезінде Алекса Амановичтың орнына Барн Осей шығып, 2-таймда Астана бір жартылай қорғаушысын өзгертті.
2-таймның 49-минутында Камара (Астана) сол қапталдан қорғаушыларды алдап шабуыл жасап көріп еді, алайда қақпашы Дизизи (Челси) ол соққыны қайтарды. Ал 51-минутта Марин Томасов бірінші голын салғандай алыстан бағыттаған еді, қақпашы бұл жолы мүлт кетпеді.
55-минутта ағылшын клубы қарымта шабуыл бастады. Джордж (Челси) қапталдан сытылып шығып, допқа ұмтылғанда, оң жақ қапталдың қорғаушысы Бартолец (Астана) сауатты қорғана білді.
Мачтың 66-минутында Челси бапкері – Энцо Мареска ойынға Вэйлды Чуквуэмекамен алмастырса, ойынның 71-минутында Астананың бапкері – Григорий Бабаян Джеффри Чинеду мен Рамазан Каримовты алмастырды.
Астана – Челси матчын көруге 20 982 адам келген. Бұл туралы стадион таблосында көрсетілді.

2-таймда Челси ойыншылары шабуылды жиілеткенімен, Астананың қорғаушылары да сауатты қорғана білді. Ойынның 78-минутында елордалық клубқа екі гол салған ойыншы – Марк Гиу алаңнан кетіп, орнына Шумайра Мекка кірді. Сондай-ақ 85-минутта Рак-Сакьидің орнына Киану Дайер шықты.
Соңғы минуттарда Марин Томасовтың берген пасын қабылдаған Камара – шабуылды сәтсіз аяқтады және 44-минутта салынған гол авторы – Марин Томасов пен Назми Грипши сол сәтсіз шабуылдан кейін бірден ауыстырылды.
Ойынның негізгі уақыты аяқталған сәтте Астанада тағы да ойыншы алмасты. 28-нөмірдегі Камара мен Елхан Астанов ауысты. Ал ойын 3-2 есебімен аяқталды.

Бабаян бұл ойын жайлы не айтты?
Пресс-конференцияның басында Григорий Бабаянның өзі бірінші болып сөз бастап, ойын жайлы өз пікірін білдірді.
«Бірінші тайм, әрине, қиын болды. Біз ортада ойнап жүріп алдық. Жалпы, қарсыластарға алғыс айтамын. Әрине, бізге тәжірибе жетпеді. Физикалық тұрғыдан болсын барлық жағынан жетпеді. Екінші таймда, иә, біз белсенді және ойыншыларды қақпайлап ойнадық. Ойыншылар қолынан келгенін істеді, егер ойынға бірдеңе жетпеген болса, ол команданың дәрежесі. Челсидің дәрежесін барлығымыз білеміз. Ал осындай күннің суықтығына қарамай, бізді қолдап келген жанкүйерлерге алғыс айтамын», – деді бапкер.

Кейін журналистер сұрақ қойып, бас бапкерден нақты жауап алды.
– Мәселе құрамға қатысты болса керек, бір таңғаларлығы – Грипшидің ойнамауы, сіз үш қорғаушымен ойнауды шештіңіз. Бұл сіздің қорғанысқа бейімдігіліңізді білдіреді, сіз тең ойынға дәмелендіңіз бірақ оған неге мүмкіндік болмады?
– Біз Челсидің ойынына көп сараптама жасадық, әр екі матч сайын олар 5 голдан соғып отырған және оларға төтеп беру қиын болды, өйткені біздің жартылай қорғаушымыздың артында 5 футболшы тұрады. Иә, 3:1 болғаннан кейін, 5 адам шабуылға шамасы келмеді деген сөз. Біздің жоспарымызда қатарлардың арасы тығыз болу керек еді. Сондықтан да мен қорғанысқа жауапты жартылай қорғаушының артына тағы 3 орталық қорғаушы қойдым, сондықтан да мен осы схеманы таңдадым. Челси жоғарғы дәрежедегі клуб болғаннан кейін бізге қорғанысқа қатаң көңіл бөліп ойнау керек болды.
– Марочкиннің қателігіне қалай қарайсыз?
– Барлығында да қателік бар, мені бір адамды кінәламаймын. Команданың ойыны маған 2-таймда ұнай бастады.
– Алғашқы 10 минутта ойыншыларыңыз аң-таң болып жүріп қалды, бұл неге байланысты?
– Біз бұл туралы матч алдында сөйлескен болатынбыз. Әрине, олар өздерін біріншіден жайлы сезінуі керек. Кей жігіттер уайымын жеңе алмады. Марин Томасов бұндай ойындарға көп қатысқан, ойын барысында оның команданы сүйрегісі келіп жүргенін көруге болады. Бірақ қасында басқа жігіттердің демеу етпегені оған қиын болды. Бізде 20-минуттарға қарай ойыншылар алаңға үйренісіп, сабыр сақтап ойнай бастап еді, алайда есеп 2:0 болып кетті. Бұл біз бастан кешіруге тиісті дүние. Осындай ойындардан үлкен тәжірибе жиналады. Дәреже бар, бірақ құрылымды мен ұйымшылдықты бұзбау керек. Сенімділік те болу керек. 1-таймнан кейін біз сабырға келдік, 2-таймда кей сәттер болды. Шамамен 15 минуттай біз өз футболымызды ойнадық. Одан кейін физикалық тұрғыдан шаршадық, одан кейін ауысымдар болды тағысын тағы...
– Сейсенге қатысты сұрақ қойғым келіп тұр. Кешегі конференцияда сіз күліп тұрып «ертең кімнің ойнайтыны белгілі болады» дегенсіз. Мұхамеджанның ойнайтыны бұрыннан шешілген бе еді, әлде бірдеңе өзгерді ме?
– Жоқ, бұл бұрыннан шешіліп қойған. «90% ойнайтын ойыншы, шешіп қойғанмын» деген болатынмын. Мен Сейсенді ойнайды деп шештім. Өйткені ол қазақстандық футболшы және мен оны өз ісін жақсы атқарды деп ойлаймын. Негізінде жақсы ойнады.
– Топ 24-ке кіру мүмкіндігін қаншалықты бағалайсыз?
– Бізде тағы бір матч бар, қиын матч. Кипрде АПОЭЛ-ге қарсы ойын, бірақ біз оған қарсы тұруға тырысамыз. Осыны жеңсек, біз әрі қарай өтеміз. Біз қазір осында аз ғана уақыт боламыз кейін 15-і күні сол жаққа ұшамыз, сол жақта 4 күн дайындаламыз жақсы жағдайда, жақсы алаңда. 7 ұпаймен өтетін болсақ, онда жеңуге тырысамыз.
– Стадиондағы атмосфера сіздерге әсер етті ме?
– Иә, енді біздің жанкүйерлердің де «Челси, Челси» деп айғалағандар болды, бірақ 60-70% бізге жанкүйерлік етті. Кейін бізге барлығы жақтасты.
Осылайша матчтан кейінгі конференция да ұзаққа созылмады. Келесі Астананың матчы Кипрде АПОЭЛ-ге қарсы болмақ. Матч 20 желтоқсан күні болады.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық