«Казахстанская правда» газетінің экс-басшысы қайтыс болды

cover

56 жылын журналистика саласына арнаған Григорий Дильдяев 2022 жылы 6 қыркүйек күні 74 жасында қайтыс болды. Ол «Казахстанская правда» газетінде екі мәрте жұмыс істеген.

Газеттегі жұмыс туралы өзінен кейінгі өскелең ұрпаққа көп дәріс қалдырды. Солардың бірінде:

«Сол тамаша жылдарды есіме алсам, бүгінгі журналистерге жаным ашиды. Әсіресе, енді бастап келе жатқан жас журналистерге. Олардың көбісі баспасөз конференцияларына барады, баспасөз банядарын алады, солай журналистикада танымал боламын деп ойлайды. Ал мен туған жерім мен оның адамдарын мәңгі сүйдім, бүкіл Қазақстанды аралап шықтым. Көптеген облыстар туралы кітап жаздым» деген Дильдяев IAC EURASIA-ға берген сұхбатында.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар