Қазақстан ҰҚШҰ құрамынан шыға ма? - СІМ жауабы
Қазақстанның ҰҚШҰ-дан шығу туралы жариялайтыны туралы қауесет соңғы бірнеше күнде әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде белсенді түрде тарап жатыр. Алайда елдің сыртқы істер министрлігі бұл ақпаратты жоққа шығарды.
ҚР СІМ Қазақстан ұйымды құрудың бастауында тұрғанын және оның белсенді қатысушысы болып табылатынын мәлімдеді. Ал ҰҚШҰ-ға мүше болу елдің ұлттық мүдделеріне толық жауап береді.
«Ұжымдық қауіпсіздік туралы шартта оған қатысушы мемлекеттер үшін, оның ішінде Қазақстан үшін де қауіпсіздікті қамтамасыз етуге заңды түрде міндеттейтін кепілдіктер көзделген. Бұдан басқа, ҰҚШҰ шеңберінде халықаралық терроризмге, заңсыз көші-қонға, есірткінің заңсыз айналымына, трансшекаралық қылмыстылыққа, ақпараттық саладағы қатерлерге бірлесіп қарсы іс-қимыл жасау дағдылары пысықталып жатыр.
Осылайша, ҰҚШҰ аясындағы ынтымақтастық Қазақстанның сыртқы саясатының маңызды бағыты болып табылады, біздің еліміздің ҰҚШҰ-ға қатысуы Қазақстанның ұзақ мерзімді стратегиялық құжаттарында көзделген.
Жалпы, Қазақстан Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымынан шығу мүмкіндігін қарастырмайды деп нақты мәлімдеуге болады» деп хабарлады Қазақстан СІМ.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық