Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей газын Қазақстан арқылы өткізуге рұқсат берді
Ақорда
Тоқаев, Путин және Мирзиеев ресейлік газды жеткізу рәсіміне қатысты. Енді Ресейден көгілдір отын Өзбекстанға Қазақстан арқылы транзитпен жетеді. Оның бір бөлігі жоспарға сәйкес Қазақстанға жеткізіледі.
Телекөпір барысында Атырау облысындағы Мақат компрессорлық станциясынан Энергетика министрі Алмасадам Сатқалиев Орталық Азия – Орталық газ құбырының қазақстандық бөлігінің дайындығы туралы баяндады. Ресей газын Өзбекстанға жіберер алдында Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің аумағы арқылы өтетін құбырды іске қосуға рұқсат берді.

Мәскеуде үш мемлекет басшыларының кездесуі өтіп, онда президенттер ынтымақтастықтың жаңа кезеңі туралы пікір алмасты. Бұл көлік жүйелерінің бүкіл тарихында Ресейден шыққан және ресейлік өндірістегі газ Орталық Азияға ешқашан жіберілмегені атап өтілді. Ал Қасым-Жомарт Тоқаев өз сөзінде бұл тарихи оқиға Қазақстан, Ресей және Өзбекстанның энергетика саласындағы стратегиялық ынтымақтастық пен өзара іс-қимылды сапалы жаңа деңгейге көтеріп, елдер арасындағы тату көршілік қарым-қатынастар шежіресіне тағы бір жарқын бет ашатынын атап өтті.
«Мемлекеттеріміздің тұрақты әлеуметтік-экономикалық ілгерілеуінде газ өнеркәсібі қомақты әрі ерекше рөл атқарады. Сондықтан бұл жоба барлық қатысушы тараптардың мүддесіне сай келеді. Қазақстан өз аумағындағы магистральдық газ құбырын дайындауды дер кезінде және толық көлемде аяқтады. Жоба Ресей газын экспорттауды әртараптандыруды қамтамасыз етеді. Қазақстанның газ тасымалдау инфрақұрылымын кеңейтуге және жаңғыртуға ықпал етеді және Өзбекстанның жылына 3 миллиард текше метрге дейінгі табиғи газға өсіп келе жатқан қажеттіліктерін қанағаттандыруға мүмкіндік береді. Ол сондай-ақ елдеріміздің индустриялық дамуына қуатты серпін береді, бизнес-климат пен азаматтардың өмір сүру деңгейін жақсартады», – деді Қазақстан Президенті.
Ол Қазақстан аумағы арқылы жылдық өткізу қабілеті 255 миллиард текше метрге дейінгі 20 мың шақырымнан астам магистральдық газ құбырлары өтетінін түсіндірді. Қазақстан өзінің транзиттік әлеуетін толық пайдалануға мүдделі және ресейлік газ тасымалдау көлемін одан әрі арттыруға дайын.

Естеріңізге сала кетейік, жоба осы жылдың маусым айында келісілген болатын. Одан кейін «Газпром» мен Өзбекстанның Энергетика министрлігі ресейлік газды жеткізу туралы келісімшартқа қол қойды. Сонымен қатар, Газпром мен QazaqGaz Өзбекстандағы тұтынушылар үшін ресейлік газды Қазақстан арқылы тасымалдау туралы келісім жасасты. Екі жылдық келісімшарт бойынша жеткізілім көлемі 2,8 млрд текше метр болды.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық