Қасым-Жомарт Тоқаев Данияның жаңа королін құттықтады
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Данияның жаңадан таққа отырған Королі X Фредерикті құттықтап, жеделхат жолдады.
Бұл туралы Ақорда хабарлайды.
«Сіздің басшылығыңызбен Дания өзінің орнықты дамуын, халқының әл-ауқатын еселеп, халықаралық аренадағы беделін арттыру жолындағы игі істерді жалғастыра беретініне кәміл сенемін. Қазақстан мен Дания арасындағы достық пен өзара қолдауға негізделген жан-жақты ынтымақтастық бірлескен күш-жігеріміздің арқасында алдағы уақытта да нығая түсетініне үмітім зор» деп жазылған жеделхатта.
Сонымен қатар президент Қасым-Жомарт Тоқаев патшайым лауазымынан мерзімінен бұрын өз еркімен кетіп, тақ мұрагері Фредерик ханзаданы Дания королі ретінде жариялаған II Маргретеге де жеделхат жолдады.
Мемлекет басшысы Қазақстан мен Дания арасындағы ынтымақтастықты дамытуға сүбелі үлес қосқаны үшін II Маргретеге ризашылығын білдірді.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық