Каспийдегі итбалық қырылуының болжамды себебі айтылды
Фото: Pixabay
Алматы гидробиология және экология институтының сарапшысы Мирғали Баймұқанов итбалықтардың азаюының ықтимал себептері туралы айтты, деп хабарлайды Orda.kz.
Еске салайық, бұған дейін 24 қазанда Каспий теңізі жағалауына мониторинг жүргізу барысында 150-ден астам итбалық өлекселері табылғанын хабарлаған едік. Бес күн ішінде өлген жануарлардың саны 300-ге жуықтады.
«Итбалықтардың қырылу себептері тиісті зертханалық зерттеулерден кейін белгілі болады. Каспий теңізі жағалауының мониторингі жалғасуда. Зерттеу нәтижелері үш айдан кейін белгілі болады», деп түсіндірді АШМ баспасөз қызметі.
Ақтаудан келген қоғам белсендісі Азамат Сәрсенбаев әлеуметтік желілерде өлген итбалықтардың кейбірінің денесінде механикалық зақым барын айтты. Алматы гидробиология және экология институтының сарапшысы Мирғали Баймұқанов белсендіге жауап берді.
«Арқанмен тартудан, балық торынан болған жарақат салдарынан өлген итбалықтар да бар. Бірақ ондай белгілері жоқ, себептері белгісіз итбалықтар да бар. Ұрғашыларының көпшілігі буаз болған. Олар неден қырылды? Әзірге бірдеңе айту қиын. Солтүстік Каспийге келгенге дейін олар сау болды, өйткені буаз болды, бірақ одан кейін белгісіз себептермен қырылып қалды», деп жазды ол.
Жаңалықтар
- СІМ Дубайда өмір бойына сотталған 22 жастағы қазақстандықтың ісіне қатысты пікір білдірді
- Ауыл мектептерінде директорлар жетіспейді
- «Арал теңізі – дұрыс жүргізілмеген саясат салдары» — Астанада өтіп жатқан экологиялық саммитте Тоқаев не айтты?
- Мәжіліс депутаты базарларға дизайн-код енгізуді ұсынды
- 100 жыл бұрынғы қазақ қыз-келіншектерінің келбеті қандай болды?
- Қызылордада ауылдық клубтың директоры мен есепшісі 10 жыл бойы бюджет қаражатын жымқырып келген
- Астанадағы самитте Арал өңірінің экологиясы мен климаттық-экологиялық мәселелер талқыланады
- Маслихат депутаттарының билігі күшейеді
- Талғарда 20 жастағы жігіт пышақ жарақатынан көз жұмды: Бірден 2 қылмыстық іс қозғалды
- Қазақ поэзиясының қара нары — Мұхтар Шаханов туған топырағына жерленді
- Дәрігерге күш қолданған азамат 1,5 жылға сотталды
- «Бекіре-2026» акциясы: Атырау облысында 378 заңбұзушылық анықталып,13 қылмыстық іс қозғалды
- ІІМ автомектептерге тексеріс барысында 701 оқу тобы қызметін тоқтатты
- Рахат Тұрлыханов отбасылық жанжалға қатысты жазадан құтылды
- Көпмиллиардтық қаражатқа салынып жатқан Ертіс үстіндегі көпір тағы өртенді
- Тоқаев Израиль президентін Тәуелсіздік күнімен құттықтады
- Астана қазақ-тәжік қарым-қатынасының қазіргі жай-күйі мен перспективасы талқыланды
- Көпжылдық сенім қылмысқа ұласты: Жетісу тұрғынының 46 млн теңгеге бағаланған малы ұрланды
- Маңғыстау даласын қоқыс жапты: Аймақ даулы бейнежазбадан кейін тазартылды
- Тоқаев Моңғолия президентін «Алтын Қыран» орденімен марапаттады