Каспий жағалауынан өлі кит табылды
Фото: telegram / media.Az
Каспий теңізінің Баку жақ жағалауынан алып киттің денесі табылды, деп хабарлайды Orda.kz.
Табылған кит таңертеңнен бері жүздеген қала тұрғындары мен Баку қонақтарының назарын аударды. Алайда бұл шын кит емес, климаттың өзгеруі жөніндегі БҰҰ конференциясы аясында арнайы дайындалған туынды болып шықты.
Бұл ерекше инсталляцияны Бельгияның Captain Boomer өнер ұжымы теңіз ортасын қорғау және климаттың өзгеруіне назар аударту мақсатында әзірлеген.
2008 жылдан бері бұл туынды Лондон, Париж, Варшава, Аделаида және Мадрид секілді әлемнің ірі қалаларында көрсетілген. Ал Бакуде алғаш рет климаттың өзгеруі жөніндегі конференция аясында ұсынылды.
Айта кетейік, Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Климаттың өзгеруі жөніндегі БҰҰ конференциясы аясында өтетін Дүниежүзілік климат саммитіне қатысу үшін Бакуге жұмыс сапарымен келді.
Жаңалықтар
- Иран АҚШ-тың қарулы соғысына «логистикалық соғыспен» жауап беріп, стратегиялық тығырыққа тіреді
- Блогер Қайсар Қамза Вьетнамда ұсталды
- «Біреудің ала жібін аттап кеттім бе?» — Ерболат Жанәбіловтің сот алдындағы сөзі
- «Аспаннан түскен байдың баласы емеспін»: Ерболат Жанәбілов кінәсін ішінара мойындады
- Алдағы күндері Алматыда найзағай ойнап, Астанаға қар жауады
- Астанада өрттен үш бала опат болды: Құтқарушылардың жолын жапқан көлік жүргізушісі жазаланды
- ҰҚШҰ бас хатшысы Тоқаевқа алдағы жоспарын таныстырды
- Қазақстанның Корея мен Мьянмадағы елшілері тағайындалды
- Иранда өлім жазасына кесілгендер саны күрт артты
- Коронавирустың балаларға тез жұғатын жаңа штаммы пайда болды
- Венгрияда 16 жылдық билік құлады: Орбан неге жеңілді?
- Тоқаев Низар Амидиді Ирак Республикасының президенті болып сайлануымен құттықтады
- Бішкекте ҰҚК төрағасының бұрынғы орынбасары Даниэль Рысалиев ұсталды
- Бектенов көлік-транзиттік әлеуетті дамыту жөнінде жиын өткізді: Көлік министрлігі сынның астында қалды
- Шымкентте өткен автофестивальда әзілкешті көлік қағып кетті
- Қалжалау дәстүрі: Қырық күн күтімнің жаңа форматы қандай?
- Яна Легкодимованы өлтіргендер әлі ұстау изоляторында: Этаптау үшін ұлттық ұланның арнайы қарауылы сұралған
- Қостанайда қайғылы жол апатынан 4 адам ажал құшты
- Астанада жыл басынан бері жол ережесін 61 рет бұзған BMW жүргізушісі ұсталды
- ҚМА: 78 жәбірленуші қаржы пирамидасына 110 млн теңге салған