Каспий теңізіне мұнай төгілді
Фото: Inbusiness.kz
Каспий теңізіне мұнай төгілгені жайлы «Глобус» экологиялық-құқықтық бастамасы орталығының атқарушы директоры Галина Чернова мәлімдеді, деп хабарлайды Orda.kz порталы.
Оның айтуынша мұнай төгілуі осы жылдың 30 наурызында Қашаған кен орны аумағында анықталған.
«Осы ғарыштық мониторингті жүзеге асыратын топтың деректері бойынша еуропалық Sentinel-1A спутнигінің радиолокациялық бейнесінде қазақстандық кен орны мен Қашаған мұнай өндіру орнында төгілу көрсетілген. Бүлінген алаң шамамен 7 шаршы шақырым, дақ Каспий теңізінің солтүстігіне қарай жылжыды», - деді ол.
Болжамды себептері:
- өндіріс кезінде мұнайдың кездейсоқ немесе авариялық ағуы;
- құрамында мұнай өнімдері бар өндірістік суларды ағызу, олар сақталуы және кәдеге жарату үшін құрлыққа шығарылуы тиіс;
- қызмет көрсету кемелерінде болуы мүмкін апаттық жағдай;
«Айта кету керек, бұл төгілу алдында, яғни 29 наурызда NCOC компаниясы Дамба ауылында компанияның теңіз кешенінің жұмысы бойынша қоғамдық тыңдаулар өткізді. Тыңдауға қатысушылардан және Zoom арқылы залда айтылған барлық сұрақтарға компания менеджерлері компания ауаның да, теңіз суының да ластануына жол бермейді деп жауап берді: NCOC мамандары мен жобаны әзірлеушілердің баяндамалары мен презентацияларында компания біздің аймақтың қоршаған ортасына «нөлдік» шығарындылар мен төгінділерге ұмтылатыны хабарланды. Бірақ бұл солай ма? Компания басқа нәрсе туралы айтады. Ал фактілер, өздеріңіз білетіндей, мүлдем басқаша»,- деп қорытындылады Галина Чернова.
Тілге тиек етсек, бұрын Каспи теңізінде майлы дақтар табылған болатын. Алайда Маңғыстау экологтары Ақтау жағалауына мониторинг жүргізіп, зиянды заттар концентрациясының артқанын анықтаған жоқ.
Жаңалықтар
- Алматының әл-Фараби даңғылында көлік жарысы тоқтар емес
- Украина Ресейдің мұнай инфрақұрылымына ауқымды соққы жасады
- Сот Қашаған операторларының ірі көлемдегі айыппұлға қатысты апелляциясын қанағаттандырмады
- Иран Ормуз бұғазының қайта жабылғанын мәлімдеді
- Шымкентте ЖОО-ның 320 миллионын жымқырған сегіз адам сотталды
- Алаяқтар қасиетті сапарға да қол сұғып, 17 қажының ақшасын қалтаға басқан
- «Әскер барысы – 2026» турнирінің жеңімпазы анықталды
- Жолда қарсы келе жатқан екі жүк көлігінің арасынан саспай өткен ақтөбелік ғаламтор жұлдызына айналды
- Дропперлер қылмыстық жауапкершілікке тартылады
- Қазақстанда энергетикалық қауіпсіздік күшейтіліп, кемінде үш АЭС салынады
- Баян Алагөзова: «Қыз Жібектің» қамзолы 50 жыл ешкімге керек болмады
- Тоқаев Анталиядағы дипломатиялық форумда не айтты?
- Ормуз ашылды, бірақ қысым сақталады: Иран, Трамп және мұнай нарығы қалай өзгерді?
- Тоқаев БҰҰ-ды реформалау мәселесіне жауапкершілікпен қарау керегін айтты
- Министрлік Баян Алагөзованың «Қыз Жібек» фильміндегі киімге қатысты жариялаған жазбасына пікір білдірді
- АҚШ Сириядан өз әскерін толық шығарды
- Ақтөбе облысында 2 апта бұрын жоғалған 10 жастағы баланың денесі табылды
- Алматыда екі автобус соқтығысты, жарақат алғандар бар
- Әділет Алмат Азия чемпионы атанып, 4 жыл үзілістен кейін елге дзюдодан алтын әкелді
- Ливан Израиль бітімді бұзғанын мәлімдеді