Каспий теңізінде адамдарды құтқарған әскери теңізшілер марапатталды
Фото: ҚР Қорғаныс министрлігі
Каспий теңізінде адамдарды құтқарған теңізшілерді Ақтау портында әскери үрмелі аспаптар оркестрімен қарсы алды, деп хабарлайды ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.
Оларды Қорғаныс министрі атынан Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әскери-теңіз күштері Бас қолбасшысының міндетін атқарушы, бірінші дәрежелі капитан Қанат Ниязбеков марапаттады. Ол кеме командирі Нұрбек Талғатқа жеке құрамды тамаша теңіз дайындығы үшін және бүкіл экипажға кәсіби шеберлігі үшін алғысын білдірді.
Қанат Ниязбеков штурмандық жауынгерлік бөлімшенің старшинасы, аға матрос Әзімхан Әмірхановқа да сертификат пен бағалы сыйлық табыс етті.
«Гидрометеорологиялық жағдайды түсіндіру және техникалық құралдармен сенімді жұмыс істеу қабілеті оған із-түзсіз жоғалған адамдардың орнын тез және дәл анықтауға көмектесті, ол радиолокациялық станса көмегімен теңіз секторын тексеріп, қиындыққа тап болған адамдарды тапты» деп хабарлады министрліктің баспасөз қызметі.
Естеріңізге сала кетсек, жоғалған спортшылар туралы хабарлама 10 маусым күні әскери-теңіз базасының командирі, екінші дәрежелі капитан Бауыржан Мұратұлынан кешкі сағат 20:00 шамасында келіп түскен. Төрт сағаттан кейін апатқа ұшыраған спортшылар кемеге шығарылды. Олар жағалаудан бес-алты миль қашықтықтағы Скалистый мүйісі аймағында табылды.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық