Каспий итбалығы Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілді
Бүгінгі күні итбалық жойылып бара жатқан жануарлар тізіміне енді, деп хабарлады ҚР үкіметінің қаулысында.
Құжатта:
«Өсімдіктер мен жануарлардың сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген түрлерiнiң тiзіміне «Сүтқоректілер» бөлімі мазмұндағы реттік нөмірі 128-1-жолмен, яғни, Каспий итбалығымен толықтырылсын»,- делінген.
Қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік 10 күн өткен соң қолданысқа енеді.
Каспий итбалығын Қызыл кітапқа енгізу туралы шешім балық аулау жөніндегі ведомствоаралық зоологиялық комиссияның шілде айында өткен отырысында қабылданды. Комиссия мүшелері бұл итбалықтардың сақталуына ықпал ететін қосымша шара, сондай-ақ болашақта ерекше қорғалатын табиғи аумақ құрудың маңызды аргументтерінің бірі болады деп санады.
Алматы гидробиология және экология институтының директоры Мирғали Баймұқанов Каспий теңізінің итбалықтарын Қызыл кітапқа енгізуге қарсы пікір айтты.
«Каспий итбалықтарын Қызыл кітапқа енгізу жағдайын мұқият қарау керек, мұндай маңызды қадамға дайындалу керек. Қызыл кітап нысандарын зерттеу мен сақтаудың заңнамалық негізін тиісті түрде жасамай, Каспий итбалығын тізімге енгізу кері әсер беруі мүмкін», - деді ол.
Маңғыстауда итбалықтарға қатыгездікпен қараудың екі фактісі 2020 жылдың шілде айының басында тіркелген. Демалушылар жануарға тас атып, таяқпен ұрған.
Айта кетсек, енді Каспий итбалығын өлтіргені үшін 3 АЕК ( 8 334 000 теңге- ескертпе ORDA) көлемінде айыппұл төлеуге міндеттеледі. Немесе 800 сағат түзету жұмыстарына, болмаса үш жылға бас бостандығынан айырылады.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық