Қаскелең мектебінде 9-сынып оқушысынан ашық туберкулез анықталды
Алматы облысының Қаскелең қаласындағы А.Пушкин атындағы орта мектептің 9-сынып оқушысынан ашық формадағы туберкулез анықталды, деп хабарлайды Orda.kz.
Kazinform мәліметінше, Қарасай аудандық білім бөлімі хабарлағандай, 18 қарашада мектепке жылжымалы флюоромобиль жіберіліп, 15 жастағы оқушылар флюорографиядан өткен. 20 қарашада мектептің медбикесіне аудандық аурухананың фтизиатр дәрігерінен 9-сынып оқушысынан ашық формадағы туберкулез анықталғаны туралы хабарлама түскен. Оқушы 19 қарашадан бастап сабаққа қатыспаған.
Мектепте дереу санитарлық-эпидемиологиялық қауіпсіздік шаралары қабылданды: ауру анықталған сыныпта тазалық жұмыстары жүргізілді. Сынып оқшауланып, кабинетке 5% гипохлорит ерітіндісімен дезинфекция жасалды.
«Пән мұғалімдері мен кіші қызметкерлерге туберкулез туралы санитарлық-эпидемиологиялық түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Ауру анықталған сынып оқушылары үшін оқшауланған түрде оқыту ұйымдастырылды. 22 қарашада сабақ аяқталғаннан кейін арнайы қызмет мектеп аумағында 4200 шаршы метр жерде дезинфекциялау жұмыстарын жүргізді» делінген ресми хабарламада.
Қазіргі уақытта мектеп аудандық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау бөлімінен (СЭС) тексеріс нәтижелерін күтуде. Алынған мәліметтерге байланысты қосымша шаралар қабылданады.
Мамандардың айтуынша, қазіргі уақытта қалған оқушыларға қауіп жоқ.
Жаңалықтар
- Жетісу облысы тұрғындарының қарсылығынан кейін құны 30 миллиард теңгелік жоба іске аспады
- Астана мен Алматыдан кейін полицияға көмекші робот-иттер Ақтауда қолданылады
- Қазақстанда бейрезидент тұлғаларға банк шоттарын ашу тәртібі өзгереді
- Ақтауда 1248 студент академиялық жауапсыздық күдігіне ілініп, 14-і оқудан шығарылды
- Балаң балағат айтса — айыппұлыңды дайында
- Токиода Азия елдеріндегі қазақ диаспорасының съезі өтті
- ШҚО-дағы KAZ Minerals компаниясының Артемьев шахтасы опырылып, кенші қаза тапты
- Президент Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне байланысты үндеу жариялады
- Ұлыбритания, АҚШ және Аустралия суасты дрон бағдарламасын іске қосты
- Ресей 2030 жылға қарай автокөліктерге алкоқұлып орнатады
- Жылжымайтын мүлікке арналған техникалық паспорт онлайн рәсімделеді
- Еліміз балаларға медициналық көмек көрсетудің гибридті моделін енгізеді
- 200 тоннадан астам зақымданған астық елге кіргізілмей, экспорттаушы елге қайтарылды
- Прокуратура Алматы облысында 800-ден астам құқықбұзушылықты анықтады
- Bloomberg — Қазақстан өңірдегі цифрландыру көшбасшысы
- Жаңа Конституцияның қабылдануына орай кімдер қылмыстық және әкімшілік амнистияға ілігуі мүмкін?
- Еліміздегі ҰБТ-дан шекті балл жинаған талапкерлер күмән туғызды
- Жалған жұмыс арқылы әлеуметтік төлем алғандарға қатысты 38 қылмыстық іс қозғалды
- АҚШ Эбола вирусын жұқтырған науқастарын Африкаға орналастырмақшы, Кения соты қарсы шықты
- Қарағанды облысында өртенген үй мен шаруашылық құрылысынан 8 газ баллоны шығарылды