Кәсіпкерлердің коммуналдық тарифы өзгереді
фото: Қарағанды облысының прокаратурасы
Қадағалау шаралары мен уәкілетті орган қызметін біріздендірудің арқасында шаруашылық жүргізуші субъектілер үшін коммуналдық қызметтерге тарифтерді есептеудің оңтайлы тәжірибесін қалыптастыруға жағдай туды.
Бұл туралы Қарағанды облысының прокуратурасы хабарлады.
«Теміртау қаласында кәсіпкер мектептегі оқушыларды тамақтандыру байқауында жеңімпаз атанды. Жасалған келісім бойынша асхана мен жабдықтар жалға берілген. Келісім шартқа сәйкес коммуналдық қызмет үшін төлемақы үй-жайдың иесі – мемлекеттік органға аударылған. Алайда, бұл кәсіпкерді айтарлықтай негізсіз шығындарға әкелген, себебі бизнес үшін тариф 14 теңге, ал мемлекеттік органдар 90 теңге, яғни 6,5 есе көп» деді прокуратура өз мәлімдемесінде.
Кәсіпкерлік мүддесін қорғау үшін прокуратура келісімшарт талаптарын өзгертуге рұқсат алды. Енді электр энергиясы үшін төлемдер кәсіпкер орнатқан есептегіш құралдардың көрсеткіштері бойынша тікелей жеткізушілерге, ал жылу энергиясы үшін – үй-жайдың ауданына қарай төленеді.
Бұл қабылданған шешім — бір кәсіпкерге жылына 1 миллион теңгеден астам қаражат үнемдеуге мүмкіндік береді.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық