Кәсіби боксшы Мадияр Әшкеевтің АҚШ-тағы үйі өртеніп кетті
Фото: Егемен Қазақстан
Қазақстан құрамасының бұрынғы мүшесі, боксшы Мадияр Әшкеев әлеуметтік желіде Лос-Анджелес қаласындағы үйі өртеніп кеткенін жазды, деп хабарлайды Orda.kz.
Боксшы Instagram әлеуметтік желісінде үйдің жалынға оранып, өрт сөндірушілердің оны өшіруге тырысып жатқанын көрсететін бейнежазба жариялады.
Спортшының айтуынша, осы үйде ол талай мәрте қонақ күтіп, соның ішінде Қазақстаннан келген чемпиондар мен спортшыларды қарсы алған екен.
«Сағат шамамен төрт кезі еді. Бізді Ержан деген бауырымыз ауыз ашарға шақырған болатын. Соған шығайын деп жатқанда үйдің ішінен күйік иісін сездім. Балалар мен үйдегілерден «ештеңе жанып жатқан жоқ па, тамақ күйіп кеткен жоқ па?» деп сұрадым. Олар «жоқ, бәрі дұрыс» деді.
Бір кезде гаражды ашсам, үйдің жартысы отқа оранып, айналаны қап-қара түтін басып кетіпті. Балаларды дереу сыртқа шығарып үлгердік. Ол жерде күтушіміз де болды. Барлығын далаға алып шықтық. Бір кезде бір баламның жоқ екенін байқадым, Алдияр көрінбейді. Ол екінші қабатта қалып қойыпты. Айқайлап жүріп, ақыры оны да сыртқа алып шықтық» деп бөлісті Әшкеев.
Ол барлық отбасы мүшелері аман екенін, денсаулықтарына еш зиян келмегенін айтты.
«Бірақ үйдің жартысы жанып кетті. Өрт сөндірушілер мен жедел жәрдем қызметіне рахмет олар өте жылдам келіп, отты сөндіріп, жағдайды ретке келтірді. Біз аманбыз. Біз үшін алаңдаған достарымызға да рақмет. Америкадағы достарымыз көмектерін ұсынып, үйлерін беруге дайын екенін айтты. Қазір уақытша сол достарымыздың үйінде тұрып жатырмыз», — деді боксшы.
Мадияр Әшкеев кәсіби боксшы. Оның кәсіби рингтегі көрсеткіші — 14 жеңіс (соның 7-еуі нокаутпен) және 1 жеңіліс.
Әр жылдары ол бірінші орта салмақта NABF Junior чемпиондық белбеуі мен NBA чемпиондық белбеуі иегері болған.
Әуесқой бокста ол 2014 жылғы Қазақстан чемпионатының қола жүлдегері, сондай-ақ World Series of Boxing турнирінде Astana Arlans командасының құрамында қола медаль иеленген.
Оқи отырыңыз:
- 4700-ден астам қазақстандық елге оралды
- Италияда XIV қысқы Паралимпиада ойындары ашылды
- СІМ шиеленіс жағдайында Таяу Шығысқа саяхатты азайтуды ескертті
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық