«Қасақана»: Қызылордада ҰБТ кезінде жарық бірнеше рет сөніп қалды
Фото: bsh.kz
Қызылордада ҰБТ-ның алғашқы күні жарық қайта-қайта өшіп, түлектердің емтихан тапсыруына кедергі келтірді, деп хабарлайды Orda.kz.
Информбюроның мәліметінше, түлектер тест тапсыруға кірген кезде жарық бірнеше рет сөніп, оқушылардың мазасын алған. Тіпті соның кесірінен оқушылар жиған балдарының аз көрсетілгенін айтады. Шу шығарған ата-аналар түлектердің жағдайы жасалмағанына наразы. Әрі бұл іс қасақана жасалды деп күдіктенеді.
4 сағат ішінде орталықтың жарығы 3 рет сөнген. Ата-аналар қала бойынша жарықтың тек тест орталығында сөніп қалғаны көңілге күдік ұялатқанын айтты.
«Бұлар министрлікке 5-9 минут аралығында сөнді деп айтқан. Бірақ оқушылар өтірік айтпайды ғой. Бір емес, бірнешеуі 25 минут сөніп тұрды дейді. Оқушылар онсыз да күйзелісте жүр», — деді ата-аналар.
Ұлттық тестілеу орталығының бас сарапшысы Ақбота Байқоңырова түлектерге қосымша уақыт берілгенін айтты. Алайда жарықтың сөніп-жануы балға әсер етпеген екен.
Айта кетейік, негізгі ҰБТ-да түркістандық түлек алғашқы болып 140 бал жинаған еді.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық